Үзілдік Елубаева 1953 жылы 19 наурызда қазіргі Ақжайық ауданы, Сайқұдық ауылында дүниеге келген. 1970 жылы №11 С. Сейфуллин атындағы орта мектепті бітірген. Мектеп бітіргеннен кейін жеті жылдай «Есенсай» ауылында кітапханашы болып, бастауыш сыныптарға сабақ берген.
1970-1977 жылдары Есенсай орта мектебінде мұғалім болып еңбек ете жүріп аудандық «Ленин жолы» газетінің жергілікті тілшісі қызметін қоса атқарған.
Үзілдік Елубаева мектепте оқып жүрген кезінде-ақ өлең жазумен айналысқан. Алғаш рет Калмыковтағы аудандық айтысқа қатысқан.
1977 жылы облыстық ақындар айтысында дипломмен бағалы сыйлыққа ие болды.
1981 жылы Орал қаласының А.С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген.
1982 жылы Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының 250 жылдығы мен СССР-дың құрылуының 60 жылдығына арналған облыстық айтыста жүлделі орынға ие болып, «Облыс ақыны» атағын қоса алған.
1988 жылы Халық шығармашылығының Бүкілодақтық ІІІ фестивалі шеңберіндегі облыстық ақындар айтысында ІІ-дәрежелі дипломмен, 1990 жылы Жұбан Молдағалиевтың 70 жасқа толу мерейтойында өткен мүшәйрада ІІІ-орын, 1991 жылы Ақтөбе қаласындағы Шәкәрімді еске алуға арналған аймақтық айтыста жүлделі ІІІ-орынды жеңіп алса, Үзілдік сол жылы Мұхит Мерәліұлының 150 жылдық мерейтойында, Қаратөбеде өткен ақындар айтысында ІІІ-орынды иемденді.
Үзілдік Елубаева жас шәкірттерге білім бере жүріп, өзінің ақындық өнерін де ұштай түсуде. Үзілдіктің домбыраға қосылып айтуы, ұтымды да ұшқыр, суырып салма шешендігі көпшілік көңілдерінен шығып жүр. Үзілдік Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі. 1991 жылы Жезқазғанда, 1993 жылы Қарағанды қалаларында өткен мұғалімдер айтысына қатысты. Маңғыстаулық Қамбар Оразов, Жексен Қыдырұлы, Павлодарлық Қанат Сейтов, жезқазғандық Безекбай Аққалақов, оралдық ақындар, тайпақтық Мақсот Құсанов, Сағынтай Бисенғалиев, жалпақталдық Сәрсенғали Бисенғалиев, Қатимолла Бердіғалиев, Ұлықпан Елеуов, Асхат Маемиров, Шәки Қайырғалиевтермен айтысқа түсті.
Үзілдік Елубаева 1992 жылдан республикалық Қ. Айтқалиев мектебінің мүшесі. Сондай-ақ екі мәрте Оралда, одан соң Қарағанды қаласында Ж. Молдағалиев шығармашылығындағы «Туған жер тақырыбы» атты баяндамасы жоғары бағаланды. Әр жылдарда аудандық, облыстық білім беру бөлімдерінің мақтау қағаздарымен марапатталған. Қаратөбелік ақын Айтжан Ділекешевпен айтыста «Облыс ақыны» атағы берілген. Облыстық мұғалімдер арасындағы айтыста І-ші орын алған.
Қазір Сайқұдық ауылы, Өлеңті орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарады.
Әдебиеттер:
Елеубайқызы Ү. Өлең-жырға құмар өскен қос құрбы: талант Арынғали мен Бауыржан Халиолла // Орал өңірі. – 2001. – 3 наурыз.- Б.3.
Елеубайқызы Ү. Бізге керек Жұбантану: Жұбан Молдағалиевтың туғанына 85 жыл толуына орай // Орал өңірі. – 2005. – 25 қаңтар.
Елеубайқызы Ү. Патриотизмді Жұбан жырларынан неге үйренбейміз?: ақын Жұбан Молдағалиев // Алтын Орда. – 2005. – 12-18 тамыз. – Б. 27.
Елеубайқызы Ү. Патриотизмді Жұбан жырларынан неге үйренбейміз?: Жұбан Молдағалиев шығармашылығы // Алтын Орда. – 2005. – 12 тамыз.
Елеубайқызы Ү. Бізді қинайтыны – байланыс // Алтын Орда. – 2007. – 6-12 желтоқсан.- Б.9.
Елеубайқызы Ү. “Жігіттер” жігіттің сөзін айта алмады // Алтын Орда. – 2007. – 25-31 қазан. – Б.9.
Елеубайқызы Ү. Беймәлім күштер әлемі // Алтын Орда. – 2008. – 4-10 қыркүйек. – Б.16.
Елеубайқызы Ү. Мамандығын сүйген Мәрия // Жайық ұстазы. – 2008. – 23 сәуір. – Б.2.
Елеубайқызы Ү. “Туған жерді анам демей не дейін!”: ақын Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдық тойы алдындағы ой // Орал өңірі. – 2009. – 26 қыркүйек.- Б.6.
Елеубайқызы Ү. Аман жүріңдер, қарттарым!: ұстаздық қызмет атқарған Уақит Қарғабаев // Айна. – 2010. – 22 сәуір.- Б. 9.
Елеубайқызы Ү. “Ауылда менің ғұмырым”: өлеңдер // Айна. – 2010. – 4 наурыз.- Б.16.
Елеубайқызы Ү. Ауылда менің ғұмырым: өлең // Қазақ әдебиеті. – 2010. – 27 тамыз.- Б.12.
Елеубайқызы Ү. Жыландысын жанындай сүйіп еді…: ақын Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында // Алтын Орда. – 2010. – 4-10 ақпан.- Б. 24.
Елеубайқызы Ү. “Кластың ақыны – елдің ақыны”: ақын Жұбан Молдағалиев туралы // Қазақ әдебиеті. – 2010. – 30 шілде. – Б.7.
Елеубайқызы Ү. “Тарт қолыңды, Жұбаннан!”: ақын Жұбан Молдағалиев ескерткіші жайында // Айна. – 2010. – 13 мамыр.- Б.3.
Елеубайқызы Ү. Жұбан туралы сөз: Бір ел – бір кітап” акциясы // Кітапхана. – 2011. – №4.- Б.10-12.
Елеубайқызы Ү. Бүгінгі ауыл. Құрдасқа жауап. Өмір: өлеңдер // Орал өңірі. – 2014. – 3 шілде. – Б.10.
Елеубайқызы Ү. Жазушыны еске алды // Орал өңірі. – 2015. – 27 тамыз. – Б.16.
Елеубайқызы Ү. Қырық бес жылдан соң табыстық // Жайық үні. – 2015. – 28 мамыр. – Б.12.
Елеубайқызы Ү. Айналасына сәулесін шашқан ана // Жайық ұстазы. – 2016. – 14 қаңтар.- Б.2.
Елеубайқызы Ү. Алтынның сынығы // Орал өңірі. – 2016. – 16 сәуір. – Б. 7.
Елеубайқызы Ү. Арманың көп еді, Ақмаржан… // Жайық ұстазы. – 2016. – 16 қараша. – Б.2.
Елеубайқызы Ү. Сағыныш // Ұлан. – 2008. – №1. – Б. 4.
Елеубайқызы Ү. Ұрпағы барда есімі есте: естелік // Орал өңірі. – 2016. – 16 маусым. – Б.14.
Елеубайқызы Ү. Қайран күндер кешегі… // Жайық ұстазы. – 2018 . – 15 қараша. – Б.4.
*****
Елубаева Үзілдік: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедиясы. – Алматы,
2010. – Б.243.
Елубаева Үзілдік: өмірдерек // Ақжайықтың асыл арулары: энциклопедия. – Алматы,
2013. – Б. 39.
Елубаева Үзілдік: өмірдерек // Айтыстың аясында ару жайық: облыстық ақындар
айтысына 40 жыл. – Орал, 1998. – Б. 25 – 26.
Жазықбай Т. “Ауылда менің ғұмырым”: Үзілдік Елеубайқызының “Ауылда менің ғұмырым” деп аталған кітабы жарық көрді // Орал өңірі. – 2016. – 16 тамыз. – Б. 8.
Туған жерін алтын тұғыр еткен ақын қыз: ақын Үзілдік Елеубаева туралы // Үш қоңыр. – 2016. – 23 қыркүйек.- Б.8.
Әлжанова Г. Бір үзік сыр: Үзілдік Елеубаева туралы // Ел және мұғалім. – 2019. – 22 наурыз.- Б. 5.
Құрманқұлқызы А. Ауыл деп соққан ақын жүрек: ақын, ұстаз Үзілдік Елеубаева туралы // Ел және мұғалім. – 2019. – 22 наурыз. – Б. 5.
Сүлейменова А. Өнегелі ғұмыр өрнектелді // Ел және мұғалім. – 2019. – 26 сәуір. – Б. 4.