Ерешова Алтын Рамазанқызы 1963 жылы 8 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Хан ордасы ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Крупская атындағы облыстық кітапхана жанындағы 1жылдық курсты оқыған.1984 – 86 жж. Ақтөбе мәдени – ағарту училищесін сырттай оқып бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 38жыл. Кітапханадағы еңбек өтілі-35жыл.
Алтын Рамазанқызы еңбек жолын 1983жылы Бөкей ордасы ауданы, Тайғара ауылдық филиал кітапханасында кітапханашы болып бастап, 1984жылы аудандық кітапхананың кітап қорын сақтау және жіктеу бөліміне кітапханашы болып ауысқан.
1987 жылы Алматы қаласында Республикалық институттан мәдени қызметкерлердің квалификациясын көтеру курсынан өткен.
1989 жылы Алматы қаласында Республикалық институттан кітапханашылардың стационардан тыс қызмет көрсету курсын оқыған.
1995жылы аудандық кітапхананың әдістеме бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.
2000жылдан аудандық балалар кітапханасына кітапханашы болып ауысып, қазіргі уақытқа дейен қызмет атқарып келеді.
Жас оқырмандарды жаңа әдебиеттермен таныстырып, кеңес беріп,олардың сұранымын орындап, оқырмандарға кітап насихаттауда көптеген жұмыстар жүргізеді.
Алтын Рамазанқызы 35 жылға жуық еңбек еткен, тәжрибесі мол кәсіби шеберлігі шыңдалған маман. Ол өз жұмысын атқара білетін, рухани дүниетанымы кең, жаңа технологияны меңгерген, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілеті жоғары. Алтын Рамазанқызы 2012 жылы Бөкей ордасының әкімі Н.Сабировтың алғыс хатымен, 2014 жылы «Үздік мәдениет қызметкері» номинациясымен, 2016жылы Батыс Қазақстан облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Д.Құсайыновтың алғыс хатымен, 2020жылы Қазақстан Руспубликасы Президентінің 2020жылғы 20тамыздаға Жарлығы бойынша «Қазақстан Конституциясына 25жыл» мерекелік медалімен наградталған.