Белгілі журналист, жазушы, КСРО баспасөз ісінің үздігі Жұрғали Ертілесов 1928 жылы 25 сәуірде Қаратөбе ауданы, Ханкөл ауылында дүниеге келген.
1944 жылы Қаратөбе орта мектебін бітірген. Еңбек жолын 1947 жылы Қаратөбе ауданы «Колхозшылар үні» газетінде жауапты хатшы боп бастаған. 1950-53 жылдары Кеңес армиясына қатарында әскери борышын өтеген соң, 1953-56 жылдары Алматы жоғарғы партия мектебінің тыңдаушысы болған. 1956-68 жылдары «Орал өңірі» облыстық газетінде жауапты хатшы, 1968-74 жылдары Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінің бас редакторы, 1973-74 жылдары Қазақ кеңес энциклопедиясы бас редакциясында редакция меңгерушісі қызметін атқарған. Жұрғали Ертілесов – 1970 жылы Алматы қаласынан шыққан «Жастық жалыны» повесінің, «Туған жер түлектері» очерктер жинағының авторы.
Бірнеше медальмен марапатталған. Орал қалалық мәслихатының шешімі мен Достық даңғылында ол тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылған.

Әдебиеттер:

Ертілесов Ж. Туған жер түлектері. – Алматы, 1975. – 150 б.

*****

Ертілесов Жұрғали: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2010. – Б. 247.
Өмірің сенің жыр еді-ау..: Жұрғали Ертілесұлы туралы естеліктер. – Алматы, 2008. – 152 б.