Ержанова Қымбат Сағынқызы 1965ж БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шілік селосында дүниеге келген.
1991 жылы Алматы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын « Кітапханашы- библиограф» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек өтілі – 35 жыл, саладағы еңбек өтілі – 35 жыл.
Еңбек жолын 1986-1987 жылдары Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты № 1 Шөптікөл ауылдық кітапханасында кітапханашы қызметінен бастаған. 1991 – 2002 жылға дейін аудандық мәдениет бөлімінде бас маман қызметін атқарып, 2002 жылдан бастап аудандық кітапханада, ал 2006 – 2016 жылдары әдістемелік бөлімде әдіскер қызметін атқарған. 2016 жылдан – 2022 жылға дейін балалар кітапханасының меңгерушісі, 2022 жылдан бастап кітапты өңдеу және толықтыру бөлімінің кітапханашысы қызметін атқаруда.
2008 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК бойынша Өлкетану қорын құнды деректермен толықтыру бағында «Ауыл кітапханаларының шежіресі» байқауында белсене қатысып, облыстық , аудандық зерделі кеңестерді жоғары деңгейде ұйымдастырып, ауыл кітапханаларының бет- бедерін жаңарту, жаңғырту жолындағы көптеген шаралар өткізіп келеді.
Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында 2011 жылы Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігінің Батыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының Құрмет дипломы, 2013 жылы Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Құрмет грамотасы, Қаратөбе ауданы әкімінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі үшін Алғыс хат, Қаратөбе ОКЖ атынан «Мәдениет және өнер» күні мерекесінде Алғыс хат, 2019 жылы «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.