Кеңес Одағының Батыры Есен Шегірейұлы Орақбаев – Батыс Қазақстанда ардақталып келе жатқан айтулы тұлғалардың бірі. Ол 1922 жылғы шілденің 3-інде Батыс Қазақстан облысы, Чапаев (қазіргі Ақжайық) ауданының Қарағай ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
Соғысқа Фурманов (қазіргі Жалпақтал ауылы) педагогика¬лық училищесінің 3-курсында оқып жүрген жерінен өз еркімен сұранып аттанды. Кеңес Армиясы қатарында 1942 жылы алынып, 1943 жылы Ростов зеңбірек училищесін бітірді. 610-атқыштар полкының (2-Украина майданы, 53-армия, 203-атқыштар дивизиясы) взвод командирі Есен Орақбаев көптеген ұрыстарға қатысты, жаудың бірнеше танкісі мен өзге қаруын, адамдарын жойып жіберді.
1944 жылғы қарашаның 7-сінде Е.Орақбаевтың шабуылдаушы тобы дұшпанның толассыз жаудырған оғының астымен зеңбіректерін Тисса өзенінің батыс бетіне алып өтті. Шаруд (Венгрия) елді мекенінің маңына бекініп, немістің зеңбірегін, екі пулеметін жойып, атқыштар дивизиясы бөлімдерінің алға жылжуына жол ашты. Танкке мінген фашистер кеңес әскерін өзенге қайта шегіндіруге бірнеше мәрте әрекет жасады. Осы ұрыста Есен Орақбаевтың зеңбірегі танк пен бронды транспортерді жарып жіберді. Кешке таман толас тапқан шайқас таңға қарай орасан күшпен қайта жалғасты. Ұрыста серіктерінен айырылғанына әрі ауыр жараланғанына қарамастан Есен Орақбаевтың зеңбірегі екі жау танкісін, бір өздігінен жүретін зеңбіректі, екі бронды транспортерді іс¬тен шығарды, бір ротаға жуық жаудың жаяу әскерін жер жастандырды.
Әскери тапсырманы үлгілі орындағаны және асқан ерлік көрсеткені үшін Есен Орақбаевқа 1945 жылғы наурыздың 24-інде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1946 жылы запасқа шыққан ол 1949 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітіріп, әуелі Чапаев ауданы «Алғабас» кеңшарының, сосын Жаңақала ауданы «Красногор» кең¬шарының директоры болды. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұл¬дыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев 2002 жылы Орал қаласында қайтыс болды. Өзі тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылса, Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында Оралдағы Щорс көшесіне Е.Орақбаевтың есімі берілді.
Екі майданның ері Жаңақалада да құрметтеліп келеді. Қызылобадағы орта мектеп Е.Орақбаев атында болса, аудан орталығындағы көшеге Батыр есімі берілді.
Әдебиеттер тiзiмi
1965 жыл
1.Батыр артиллерист: Кеңес Одағының Батыры Е. Орақбаев туралы // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-53-54 б.
2.Қуатов Б. Россия үшін шайқастағы ерлік: Есен Орақбаев туралы // Орал өңірі.-1965.-27 сәуір.
1969 жыл
3.Орақбаев Есен Шегірейұлы: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы, 1969.-Т.2.-141-142 б.
1971 жыл
4.Қуатов Б. Тисса үшін шайқастағы ерлік // Орал өңірі.-1971.-23 ақпан.
1972 жыл
5.Қыдыров Х. Ардақтылар әулеті: Есен Орақбаев жайлы // Қазақ әдебиеті.-1972.-12 наурыз.
1974 жыл
6.Қыдыров Х. Есен Орақбаев: Очерк.-Алматы: Жазушы, 1974.-24 б.
1975 жыл
7.Бейсенбаев Ж. Қанды көбік жұтқызған: Жаңақала ауданы, «Красногор» совхозының директоры, Совет Одағының Батыры Есен Орақбаев жайлы //Лениншіл жас.-1975.-9 қаңтар.
8.Ырзабаев Б. Директордың бір аптасы: Жаңақала ауданы, «Красногор»
совхозының директоры, Совет Одағының Батыры Есен Орақбаев жайлы // Социалистік Қазақстан.-1977.-18 мамыр.
1977 жыл
8.Ырзабаев Б. Директордың бір аптасы: Жаңақала ауданы, «Красногор» совхозының директоры, Совет Одағының Батыры Есен Орақбаев жайлы // Социалистік Қазақстан.-1977.-18 мамыр.
1985 жыл
9.Наурзин Ғ. Тиссадан өтерде: Совет Одағының Батыры Есен Орақбаев жөнінде очерк // Орал өңірі.-1985.-4 сәуір.-3 б.
10.Сыдықов Н. Батыр өткен белестер: Есен Орақбаев туралы // Социалистік Қазақстан.-1985.-23 ақпан.
1993 жыл
11.Сәрсенғалиев Т. Еңбек пен майданның ері: Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев // Орал өңірі.-1993.-19 қаңтар.
1994 жыл
12.Шахин А. Ер Есен: Кеңестер Одағының Батыры Есен Орақбаев туралы // Орал өңірі.-1994.-7 мамыр.
2001 жыл
13.Сүлейменов С. Батырдың орны бөлек // Орал өңірі.-2001.-11 қазан.
2002 жыл
14.Орақбаев Есен Шегірейұлы: некролог: Ұлы Отан Соғысының Батыры // Орал өңірі.- 2002.-5 қаңтар.
2004 жыл
15.Ғалимуллин Р. Қайтпас қайсар Орақбаев: Ұлы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында // Орал өңірі.-2004.-16 қараша.-3 б.
16.Мақанұлы Н. Қос майданның қаһарманы: Кеңес Одағының батыры Есен Шегірейұлы Орақбаев туралы // Жайық ардагері.-2004.-6 қаңтар.
2005 жыл
17.Мақанұлы Н. Қан майданның қаһарманы: ардагер Есен Орақбаев туралы // Жаңарған өңір.–2005.–5 қаңтар.–5 б.
18.Орақбаев Есен Шегірейұлы: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы:Өлке, 2005.-37 б.
19.Сәрсенғалиев Т. Елін қорғаған ер: Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев туралы үзік сыр // Жайық ардагері.-2005.-28 сәуір.
20.Сулейменов С. Ардақтайық ағаларды: Кеңес Одағының батыры Есен Шегрейұлы Орақбаев // Әлемдік тарих шеңберіндегі соғыс және бейбітшілік мәселелері.-Орал, 2005.-206-213 б.
2007 жыл
21.Боранқұл А. Ерлігі ерен, еңбегі ересен: Кеңес Одағының Батыры Есен Шегірейұлы Орақбаев туралы // Орал өңірі.- 2007.-7 шілде.
22.Мұхамбетжанов Ж. Ер есімі – ел есінде: Кеңес Одағының Батыры Есен Шегірейұлы Орақбаев // Жайық үні.- 2007.-3 мамыр.-10 б.
2008 жыл
23.Орақбаева Д. Есен атам ер еді: Кеңес Одағының батыры Есен Орақбаев // Орал өңірі.- 2008.-8 мамыр.-3 б
2010 жыл
24.Жаданов М. Ағаның еңбек жолы – өнеге: Есен Орақбаев туралы естелік //Жаңарған өңір.-2010.–20 ақпан.–6 б.
25.Жаданов М. Еңбекте де ер еді: Кеңес Одағының Батыры Есен Шегірейұлы Орақбаев // Орал өңірі. – 2010. -8 сәуір.-15 б.
26.Жаңақала жерінен шыққан батырлар: Айтқұлов Сәлім Нығметұлы, Жақсығұлов Садық Шакелұлы, Жүнісов Мәжит, Орақбаев Есен Шегірейұлы фотолары мен өмірбаяндары // Жаңарған өңір.-2010.–9 мамыр.–1 б.
27.Мақанұлы Н. Батырға тағзым: Есен Орақбаевқа арнау // Жаңарған өңір.– 2010.–9 мамыр.-7 б.
28.Мақанұлы Н. Қан майданның қаһарманы: Кеңес Одағының Батыры Е. Орақбаев туралы // Жайық таңы.-2010.-2 қаңтар.-8 б.
29.Орақбаев Есен Шегірейұлы: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-191 б.
30.Орақбаев Есен Шегірейұлы: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-422 б.
31.Ұлы Жеңіске – 65 жыл: Кеңес Одағының Батыры Есен Шегірейұлы Орақбаев // Айна.- 2010.-18 ақпан.-9 б.
2011 жыл
32.Есен батырға – ескерткіш: Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаевқа ескерткіш орнатылды // Алтын Орда.- 2011.- 3 қараша.-13 б.
2012 жыл
33.Әйпішев Е. Нар еді-ау, Есен аға: Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев туралы // Орал өңірі.- 2012.- 2 тамыз.-7 б.
34.Есіркепов А. Ерлікке тағзым етті: М. Мәметова, Е. Орақбаев, Х.Доспанова сынды батырлардың 90 жылдығына орай облыс көлемінде ұйымдастырылған туристік-өлкетану экспедициясы ауданға келді // Шұғыла.-2012.-13 шілде.-1 б.
35.Мурзагалиев Б. Асыл аға // Жайық таңы.- 2012.- 3 мамыр.-4 б.
36.Мырзағалиева А. Ел бақытын өз бақытым деген ер: Е.Орақбаевтың 90 жыл толуына орай өткізілген шара // Жаңарған өңір.–2012.–30 тамыз.–4 б.
37.Сулейменов С. Қос батырдың достығы: Есен Орақбаев пен Садық Жақсықұлов туралы // Орал өңірі.-2012.-3 мамыр.-8 б.
2013 жыл
38.Зинуллин Қ. Еңбегі ерен жандардың мекені: Есен Орақбаев туралы //Жаңарған өңір.-2013.-30 қараша.–2 б.
2014 жыл
39.Қайыржанова Э.Қ. Ер есімі – ел есінде: Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаев туралы // Соқпақ-Тропинка.-2014.-№6.-13-14 б.