Есеналиева Жаңылсын Жанболатқызы 1990 жылы Ақжайық ауданы, Чапаев ауылында дүниеге келген. 1996-2006 жылдар аралығында Жайық негізгі мектебін бітіріп, 2006 жылы Құрманғазы атындағы саз колледжіне оқуға қабылданып, 2009 жылы «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша, 2010-2013 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша БАКАЛАВРЫ дәрежесін алған. 2009 жылы аудандық кітапхананың кітапханашысы, 2010 жылы аудандық кітапхананың библиографы қызметіне тағайындалып, 2014 жылдан бастап кітапхана ісін дамыту және автоматтандыру бөлімінің қызметін атқаруда.
Жаңылсын Жанболатқызы 2009 жылы аудандық кітапхананың кітапханашысы болып қызметке қабылданған күннен бастап, берілген тапсырмаларды дер кезінде тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті. Облыстық, аудандық кітапхана ұйымдастырған шараларға қатысып, әріптестерімен тәжірибе алмасып, өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
2018 жылы Атырау облысы әкімдігі, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткізілген «Кітапханадан ағарту орталықтарына: жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» республикалық форумына қатысып, іс-тәжірибе алмасып сертификат иеленді.
Қол жеткізген нақты нәтижелері үшін Қазақстанның Халық жазушысы, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, қазақтың ақиық ақыны Ж.Молдағалиевтің 100 жылдығын атап өтуде белсене атсалысып, пандемия уақытында да тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану бағытында кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетті, біліктігі үшін аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетовтің, облыстық, аудандық кітапхана директорларының Алғыс хатымен марапатталған. IV «Рухани қазына-2021» онлайн облыстық байқаудың «Үздік аудандық кітапхана қызметкері» аталымы бойынша жеңімпазы. «Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен «Қазақстан Республикасының үздік кітапханасы» Республикалық конкурсына «Рухани жаңғыру» аталымы бойынша жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықтап, өнерсүйгіш ұрпағымызды тәрбиелеу жолындағы еңбегі үшін 2020-2021 жж Батыс Қазақстан облысының басқарма басшысы С.Дүйсеновтің және Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми директоры Ш.Уразаеваның, Ақжайық аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Р.Мусағалиеваның алғыс хаттарымен марапатталды. 2021 жылы Қазақстандық Кітапханалық Одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісін иеленді.
Жаңылсын Жанболатқызы ақпараттық-технологиялық қызмет түрлерін жетік меңгере отырып, үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін білікті маман. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.