Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиұлы 1946 жылы Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы, Жосалы ауылында дүниеге келген.
1962 жылы Бұлдырты орта мектебін бітіріп, Орал педагогикалық институтына түскен. 1967 жылы институтты бітірген соң Орал облыстық радио және теледидар комитетіне 1979 жылға дейін жұмыс жасады.
1979 жылдан Алматы қаласының «Жалын» баспасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Тамаша» ойын-сайық отауында бас редактор қызметтерін атқарды. Сондай-ақ «Денсаулық» журналында да қызмет атқарып, «Жазушы» баспасында жетекші редактор болды.
Кейіннен Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.
Тұңғыш әңгімелері 1964 жылдан бастап облыстық, республикалық газет-журналдарда жариялана бастады.
Жазушы қаламынан «Аққу сазы» (1977), «Екінші тыныс» (1982), «Қайырлы таң» (1984), «Екі басқа дүние» (1986), «Пробный камень» (1990), «Толқын мен ағын» (1992), «Өз жүрегіңе үңіл» (1996), «Тұман ішіндегі көш» (2000) атты прозалық шығармалары жарық көрді.
Сондай-ақ «Сан қилы сауал», «Әбілхайыр хан», «Әйтеке би», «Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар» (2001) атты тарихи-танымдық кітаптар жазды.
Мұқадес Есламғалиұлының республикалық баспасөз беттерінде әр алуан тақырыпта екі жүзге жуық мақалалары, эсселері, көркемсөздері жарық көрді. Сонымен бірге Абай, М. Әуезов туралы тұңғыш естеліктер мен екі жүзге жуық қаламгерлердің кітаптарына жауапты редактор, рецензент болды.
2001 жылы «Тұман ішіндегі көш» романы үшін «Алаш» әдеби сыйлығына ие болды.
Әдебиеттер:
Есламғалиұлы М. Сан қилы сауал: ойтолғақ. – Алматы, 1995. – 86 б.
Есламғалиұлы М. Өз жүрегіңе үңіл: роман, повесть және әңгімелер. -Алматы,1996. – 448 б.
Есламғалиұлы М. Әйтеке би: тарихи-философиялық дилогия. – Алматы, 2003. – 376 б.
Есламғалиұлы М. Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар. – Алматы, 2001. – 216 б.
Есламғалиұлы М. Дүбірлі дала: повестер мен әңгімелер. – Орал, 2009. – 304 б.
*****
Есламғалиұлы Мұқадес: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2010. – Б. 253.
Есламғалиұлы Мұқадес: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ. Жұмашева.-Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б.147-148.
Нәріков А. Оралымды ой, қарымды қалам.: талантты жазушы, Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Еслямғалиев туралы // Қазақ әдебиеті. – 2016. – 12 ақпан. – Б. 11.
Сабыр М. Ақиқаттың аңсары: есімі елдің есінде: жазушы Мұқадес Еслямғалиевтың шығармашылығы туралы // Егемен Қазақстан. – 2016. – 18 ақпан. – Б. 8.