Габбасова Тыныштық Орынғалиқызы 1973 жылы 22 қыркүйекте Тайпақ ауданы Базаршолан ауылында дүниеге келді.
1990 жылы Базаршолан орта мектебін бітіріп, 1992 жылы Орал қаласындағы мәдени ағарту училищесінің кітапханатану бөлімін бітірді.
1992 жылдың тамыз айынан бастап Сырым ОКЖ-сінің балалар кітапханасының кітапханашысы болып жасап. 1994 жылы кітаппен толықтыру бөліміне кітапханашы болып ауыстырылды. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» факультетін сыртқы бөлімін бітірді.
2003- 2009 жылдар аралығында библиограф болып жұмыс жасады. 2009 жылдың тамыз айынан аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Жұмыстағы жетістіктері үшін аудандық, облыстық мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
2002 жылы «Үздік кітапханашы» аудандық байқауында жүлделі бірінші орынға ие болды.
2010 жылы облыстық кітапханада ұйымдастырылған «Ел жадынан өшпейді Жұбан ақын» атты әдістемелік құралдар байқауында бірінші орынды иеленді. Ақжайық өңірінің оқырман отбасы байқауы (2013 жылы), Сырым аудан әкімі (2013) алғыс хат, (2015) «НұрОтан» партиясы Саяси менеджмент мектебі атынан, (2016) жылы «НұрОтан» партиясы атынан «Бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру: мәселелері мен келешегі» тақырыбында оқуды табысты аяқтағаным үшін сертификаттармен марапатталды.
Кітапхана саласындағы еңбек өтілі – 29 жыл.
Тыныштық Орынғалиқызы аудан көлемінде кітапхана ісін дамытуға мол үлес қосып, оқырмандардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ата-бабалардан қалған асыл мұра мен көркем ой құндылықтарын жас ұрпаққа насихаттауда айрықша еңбек етіп келеді. Кітапханадағы оқырмандардың басым бөлігі – балалар болғандықтан, оларға ерекше көңіл бөліп, олардың еркін оқып, білім алуы үшін, жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. Тәуелсіз еліміздің жеңістері мен жетістіктерін дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойында Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыруда, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруда жүйелі жұмыс жүргізеді.
Кітапханашы кітапханалық қызметінде балаларға барынша сапалы қызмет көрсету бағытында көптеген жұмыстар атқаруда. Оқырман балалармен жұмысты дұрыс жолға қойып, кітапханаға тарту мақсатында түрлі бағыттағы қызықты мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырады. Кітапхана оқырмандарының биік тұлғалы азамат болып қалыптасуына сүбелі үлес қосып, сол арқылы әріптестерінің құрметі мен оқырмандарының алғысына бөленіп жүр. Әрдайым оқырмандардың ақпараттық сұранысын орындауға зор ықыласпен қарап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге ерекше ден қойып, кеңестер, көмек көрсетеді. Ауданның мәдени өміріне белсене араласып, ұзақ жылдар бойы жинақтаған тәжірибесі мен білімін кітапханалық қызмет көрсетуді жақсартуға бағыттап, ақпараттық қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыстанады.
2018 жылы Х.Есенжанов атындағы ОБЖК-ның «Кітап – достық көпірі» тақырыбындағы кәріс әдебиеті шығармалары бойынша эссе конкурсының облыстық кезеңінде оқырманы І-орынды иеленді.(Т.Жулмагамбетов)
2019 жылы «Кітап – достық көпірі» тақырыбындағы украин шығармалары бойынша «Менің сүйікті украин жазушым» номинациясы бойынша (А.Галимжанова);
2019 жылы Алматы қалалық Сапарғали Бегалин атындағы балалар кітапханасының «Ертегімен бірге саяхат» ертегі жазу халықаралық байқауына оқырманы қатысып, І орын иеленді (Ш.Қайырболатұлы)
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай БҚО Мәдениет басқармасының Алғыс хаты (2016 ж.), Х.Есенжанов атындағы БЖЖК ұйымдастырған «Кітапхана және оқудың ашық әлемі» атты облыстық семинарға қатысқаны үшін Сертификатпен (2016 ж.), Өнер және мәдениет қызметкерлері күні кәсіби мерекесі қарсаңында БҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хаты (2018 ж.), «Орынбор облыстық полиэтникалық балалар кітапханасының» ұйымдастыруымен өткен «Бассейну Урала-чистые берега и добрососедство» шығармашылық жұмыстарының байқауына оқырмандарын дайындаған үшін Алғыс хат (2020 ж.), «Тарихы терең, еңбегі ерен өлке» on-line кітапханалық жобасына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды (2020 ж.), Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесіне орай Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның Алғыс хатымен марапатталды. (2020 ж.)