1965 жылы 27 қыркүйекте Орал облысы, Чапаев ауданында дүниеге келген. 1972 жылы Ю.А.Гагарин атындағы бастауыш мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1982 жылы Жаңақала орта мектебін бітірді.
1982-1984 жылдары Орал мәдени ағарту училищесінің «Кітапханатану ісі» арнаулы орта білім алды.
1984 жылы Жаңақала орталықтандырылған кітапхана жүйесіне оқырмандарды қамту бөлімінің кітапханашысы болып жұмысқа алынды.
1988-1994 жылы орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әдіскері, 1994-1998 жылдар аралығында ЛПУ қалашығында кітапханашы, 1998 жылы жабдықтау бөлімінің кітапханашысы.
1999-2002 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Кітапханатану-библиография факультетіне сырттай оқып жоғары білім алды.
1985 жылы ақпан айында Алматы қаласында жабдықтау бөлімінің жұмысы және 1987 жылы наурызда оқырмандарды қамту бөлімінің кітапханашысының пысықтау курстарында оқыды.
2001 жылы қазан айында «АНДАС» фирмасының компьютерді пайдалану курсын бітірді.
2004 жылы Ж.Молдагалиев атындағы ОҒӘК ақылы «Кітапхана ісін автоматтандыру» курсынан, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының бағдарламаларымен жұмыстану бағытында білікті арттыру курсынан өтті.
2009 жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапханасының жабдықтау бөлімінің меңгерушісі қызметін, 2012 жылдың маусым айынан бастап ОКЖ әдіскері міндетін атқарып келеді.
Айгүл Қуанқызы кітапхана саласындағы еңбегі үшін «Қазақ мәдениетінің қайраткері» медалімен, 2021 жылы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен, 2016жылы «ҚР Тәуілсіздікке 25 жыл» мерекелік медалімен, 2021 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Еңбек даңқы» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапатталды.