Гончарова Галина Викторовна 1975 жылы 23 қараша айында Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында дүниеге келген. Шыңғырлау жалпы орта білім беретін мектебінде он бір жылдық білімін 1992 жылы тәмамдап, 1992-1996 жылдары Орал Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан мәдениет институттың «Кітапханатану және библиография» мамандығын бітіріп шықты. Мамандығы бойынша Галина Виктровна кітапхана саласындағы еңбек жолын 2002 жылы Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасының әдебиеттерді толықтыру бөлімінде кітапханашы қызметін атқарып, 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аудандық балалар кітапханасының абонемент кітапханашысы болып қызмет атқарып келеді. Абыройлы мамандықтың қиындығы мен қызығын арқалап жүрген мамандық иесінің болашақ саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі ұшаң теңіз. Балаларға түрлі қызықты шараларды ұйымдастырумен қатар олардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, елін сүюге, сауатты да саналы азамат болып қалыптасуына өз үлесін қосуда.
Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл, соның ішінде кітапханалық еңбек өтілі – 19 жыл.
Кәсіби шеберлігімен заман талабына сай әдебиеттерді насихаттау, ұрпақтарға жан-жақты тәрбие беруде түрлі ақпараттар ағымына жол сілтеуші қоғамның белсенді мүшесі екендігінін дәлелі ретінде аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Галина Викторовна 2015 жылы «ҚР Конституциясының 20 жылдығына» арналған мерейтойлық төсбелгісімен, сонымен қатар облыстық, халықаралық кітапханашылар арасында ұйымдастырылған байқаулардан, аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.