2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер Григорий Иванович Чумаев 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы, Приурал ауданы, Кирсанов кентінде дүниеге келген.
1942 жылдың желтоқсанында майданға аттанады. Ұрыс жолдарында талай шайқастарға қатыса отырып, Григорий Чумаев өзін тәжірибелі барлаушы ретінде көрсете білді. Бірнеше рет ол жау тылына тасталды, оның бәрінде де ол әскери тапсырманы ойдағыдай орындады.
1945 жылы 4 ақпанда Григорий Чумаев барлаушылар тобымен Одер өзенінің батыс жағалауына өтіп, жаудың техникасы мен адам күшін анықтауға тапсырма алды. Тапсырманы орындау барысында ержүрек жауынгер ауыр жараланды. Осы шайқаста көрсеткен ерекше ерлігі үшін Григорий Чумаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1945 жылдың 10 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданындағы Макарово ауылының бір көшесі Григорий Чумаевтың есімімен аталады. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер тiзiмi
1965 жыл
1.Ерлік: Кеңес Одағының Батыры Г. Чумаев туралы // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-57-58 б.
1969 жыл
2.Чумаев Григорий Иванович: өмірдерек // Совет Одағының қазақстандық Батырлары.-Алматы, 1969.-375-376 б.
1985 жыл
3.Наурзин Ғ. Сайыпқыран барлаушы: Оралдық Г.И. Чумаев туралы // Орал өңірі.-1985.-8 мамыр.
2005 жыл
4.Чумаев Григорий Иванович: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-46 б.
2010 жыл
5.Зеленовтық Кеңес одағының Батырлары: Григорий Чумаев туралы // Ауыл тынысы.- 2010.-7 мамыр.-2 б.
6.Чумаев Григорий Иванович: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-258 б.
7.Чумаев Григорий Иванович: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-520 б.
8.Чумаев Григорий Иванович: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.-46 б.