Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер Губарев Григорий Миронович 1925 жылы 15 тамызда Ресейдің Орынбор облысы, Кваркено ауылында дүниеге келген.

1942 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылдан бастап 1-Украина майданы 21-армия 120-атқыштар дивизиясы 538-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945 жылы 23 қаңтарда Висла-Одер операциясы кезінде көрсеткен ерлігі үшін Григорий Губаревке КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1945 жылдың 10 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Лeнин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1968 жылдан Орал қаласында тұрды. 1998 жылы 24 ақпанда қайтыс болды

Әдебиеттер тiзiмi

2010 жыл
1.Губарев Григорий: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-218 б.
2.Губарев Григорий: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-71 б.
3.Губарев Григорий: өмірдерек // Жеңімпаздар. Победители.-Орал, 2010.-17 б.