Губская Галина Васильевна 1969 жылы дүниеге келген. Кітапханадағы еңбек өтілі 34 жыл. жоғары білімді маман.

Галина Васильевна 30 жыл ОБК филиалының меңгерушісі қызметін атқарды, 2020 жылдан бастап кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің кітапханашысы болып еңбек етуде. Ұзақ жылғы еңбек тәжірибесінің арқасында Галина Васильевна әріптестеріне әрқашан көмек қолын созып, кітапхана ісінде өз білгенімен бөлісіп отырады. Көпшілік -мәдени шараларды ұйымдастыруда жаңашыл маман ретінде өз кәсіби деңгейін көрсете біледі. Кітап қорын толықтыру бөлімінде кітапхана қорының есебін жүргізу, мерзімді басылымдармен жұмыс т.б тиянақты атқарады.
Галина Васильевна өзінің жұмыс жоспарына негізінен балалармен және жасөспірімдермен жұмысты басты мақсат етіп қоя отырып, олардың кітапқа деген құмарлықтарын арттыру, қызықтыруды негізгі міндеті деп санайды. Кітапхана әр уақытта таза, жинақы және көркем безендірілген. Өз жұмысында оқырмандар конференцияларын, қызықты диспуттар т.б. көпшілік шаралар өткізіп отырады. Өз әріптестерінің, ауыл тұрғындарының алдында беделді.