Халиолла Бауыржан Ергенұлы 1979 жылы Сырым ауданы, Қособа елді-мекенінде дуниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезінен өлең шығарып, ән айтумен кезге түскен. Алғашқы балғын жырларын
мектептегі әдебиет үйірмелерінде оқып жүрді. Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің түлегі. Бауыржан облыстық, республикалық ақындар айтыстарының бірнеше рет жеңімпазы.
1994 жылы мектептің 70 жылдығы мен С.Сейфуллиннің 100 жылдығына арнап «Сәкеннің 100 жылдығына» деген, 1996 жылы «Жүрек жанры», «Ғашыктың сөзі», «Әже алақанына» т.б. топтама өлеңдері жарияланды. Ж.Жабаевтың мерейтойындағы облыс оқушыларының айтысына қатынасып, I-орынға ие болды. Облыс ақыны Ж.Набиуллиннің 60 жасқа толу мерейтойына арналған ақындар мүшәйрасында «Айқайлағым келеді бip кек қысып» атты өлеңі үшін I-жүлдені жеңіп алды. Бауыржанның «Туған тіл», «Мектеп бітіргенде» «Шолпан жұлдыз» сияқты өлеңдері мектеп кештерінде оқылып, көпшілік қошеметіне ие болып жүр.
Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған облыстық акындар айтысына қатынасып, Ш-орынды женіп алды.
2005-жылы Атырау қаласында өткен республикалық ақындар айтысынын 11-орын жеңімпазы. Осы жылы Орал қаласында өткен «Елбасы жолдауы – елдіктің арқауы», 2006-жылы Астана қаласында өткен «Ана тілім – тағдырым», Орал қаласында өткен М. Мерәліұлының 165 жылдығына арналған халықаралық айтыстардың, 2007 жылы Алматы облысында өткен Сарыбай бидің асында және осы жылы Ақтау қаласында өткен Адай атаның асындағы айтыстардың Бас жүлдегері. Сондай-ақ, 2012-жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында өткен Будабай батырдың 175 жылдығына арналған республикалық айтыстың Бас жүлдегері.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында өткен «Айтыс-Қазақстан чемпионаты» ұлттық теле-шоуына қатысып, ел көңілінен шыға білді.
Ақтау қаласында өткен Қ.Кәрімжанұлы атындағы республикалық ақындар айтысында II орынды иеленді.
«Жұмбақ қыздың жанары», «Нәзік бұлт кешіп барады» атты жыр жинақтарының авторы. Бауыржанның көптеген әлеуметтік тақырыптардағы мақалалары республикалық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланып тұрады.
2018 жылы “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Бауыржан Халиолланың “Жан тебіреніс” атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Әдебиеттер:

Халиолла Б. Жұмбақ қыздың жанары: өлеңдер. – Алматы, 2011. – 47 б.
Халиолла Б. Жұлдыз жауған жарық түн: өлеңдер. – Орал, 2012. – 118 б.
Халиолла Б. Өзі дімкәс жүректі жұлмалаймын: өлеңдер // Орал өңірі. – 2014. – 22 қараша. – Б. 9.
Халиолла Б. Күз келсе, күрең тартып күңіренем: өлеңдер // Орал өңірі. – 2015. – 19 қараша. Халиолла Б. Кешір мені, ақындық, кешіре гөр!: өлеңдер // Қазақ әдебиеті. – 2015. – 24 сәуір. – Б. 8.
Халиолла Б. Мен сені іздеп, аспанға ұшып барамын…: өлеңдер // Орал өңірі. – 2016. – 11 қазан. – Б. 8
Халиолла Б. Болмысымды қайтар, Құдай, өзіме!!!: поэзия // Қазақ әдебиеті. – 2017. – 17 қараша. – Б. 16-17.
Халиолла Б. Ұлиды түн қасқыр құсап жаралы: өлеңдер//Орал өңірі. – 2017. – 3 тамыз. -Б. 6.
Халиолла Б. Маңдай шашты шалыпты аздап боз қырау… : өлеңдер // Орал өңірі. – 2018. – 22 қараша. – Б. 10 – 11.
Халиолла Б. Руханият ордасы: Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы жайында // Ана тілі. – 2018. – 2-8 тамыз. – Б. 11.

*****

Ақжайық айтысының айтулы ақындары: Бауыржан Халиолла // Айтыс – асыл мұра / Облыстық халық шығармашылығы орталығы. – Орал, 2013. – Б.13.
Хамзақызы М. “Жан тебіреністен” жылу дарыды: поэзияда шуақты жырларымен елге танылған Бауыржан Халиолланың “Жан тебіреніс” атты жаңа жинағының тұсаукесері мен шығармашылық кеші өтті // Жайық үні. – 2018. – 1 наурыз. – Б. 7.
Құттымұратұлы Қ. Халиолланың “Жан тебіренісі”: Орал қаласында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Халиолла “Жан тебіреніс” атты жаңа кітабын оқырман қауымға ұсынды // Егемен Қазақстан. – 2018 . – 12 наурыз. – Б. 11.