Хамзина Гүлназ Мұхамбетқызы 1966 жылы 1 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары арнаулы.

Жалпы еңбек өтілі – 35 жыл, саладағы еңбек өтілі – 29 жыл, осы мекемедегі еңбек өтілі – 33 жыл.
1987 жылдан Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қызмет жасап келеді.
Ақпарат құралдарымен, оқу орындарымен, мектептермен, балалар үйлерімен және мүмкіндігі шектеулі арнайы мектеп-интернаттармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық қорлармен келісім–шартқа отырып, олардың кітапханамен тұрақты байланыс жасауына тікелей ықпал етеді.

Елдегі індетке байланысты да онлайн форматында айтулы қаламгерлермен сыр-сұхбат,кездесулер жүргізіп,халықаралық деңгейде өтетін іс-шараларда белсенділік танытып, кітапхананың мәдени жұмысын жандандырып,дамуына атсалысты.
Гүлназ Мұхамбетқызы өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кез келген мінбеде өз ойы мен пікірін көркем жеткізе білетін ұйымдастыру қабілеті жоғары, білімді, көпшіл, әріптестері арасында сыйлы, өзіндік қолтаңбасы мен креативті идеясы бар қажетті маман.

Гүлназ Мұхамбетқызының жұмыс қабілетіне сай еңбегі ескеріліп, БҚО әкімі А.Кульгиновтен (2017), Алматы қаласындағы Қ.Мырза Әли атындағы республикалық қордан (Қоғамдық қор жетекшісі Д.Кажымов) Алғыс хаттармен (2020), «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы облыстық фестиваль бойынша «Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері» дипломымен (2019), ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен (2020), Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің орынбасары Б.Нарымбетовтің атынан (2021), Батыс Қазақстан облысының «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісі (2022) және облыстық «Самал» мұғалімдер мен оқушылар басылымы төсбелгісімен марапатталды.