Хасанова Құралай Мұратқызы 1973 жылы Орал облысы, Фурманов ауданы, Талдықұдық ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 1990-1993 жылдары Орал мәдени – ағарту училищесінде, 2002-2007 жылдары М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да филология факултетінде білім алып, еңбек жолын 1993 жылы бастады. 1993-1996 жылдары мәдениет үйінде Талдықұдық «Халық театры» режиссері, 1997-2009 жылдары Тасқала аудандық мәдениет үйінде үйірме жетекшісі, сүйемелдеуші, әдіскер қызметтерін атқарады. Мәдениет саласында 28 жылдан астам еңбек атқарып келеді. ОКЖ-да 2009 жылы балалар мен жасөспірімдер жұмысының әдіскері қызметін атқарды. 2010-2019 жылдары әдістемелік бөлімнің меңгерушісі қызметін, 2019-2021 жылдары Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметінде, қазіргі таңда жиынтық бөлімінің кітапханашысы қызметін атқаруда. 2021 жылы «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ КІТАПХАНАШЫСЫ» төсбелгісімен марапатталды.