Ибрашева Людмила Юрьевна 1970 жылы 20 қыркүйек Батыс Қазақстан облысы  Орал қаласында дүниеге келген.  Білімі арнаулы орта. 1994 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. Людмила Юрьевна кітапхана саласындағы еңбек жолын 1991 жылы Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасына жұмысқа орналасып, қазіргі уақытта аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы болып қызмет атқарып келеді.

Людмила Юрьевна кітапхана қорымен жұмыстанумен қатар, кітапханада өткізілген іс-шаралары жоғары кәсіби деңгейімен, өзектілігімен және тиімділігімен ерекшеленеді. Жас ұрпақтың назарын кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударатын іс-шаралардың жастарға берері мол. Людмила Юрьевна ұжымда шығармашыл, қарапайым, креативті, қызметкер. 2016 – 2021 жылдары «Мен әрқашан кітаппен өсемін», 2022 жылы «Дауыстап оқимыз! Бірге оқимыз!» жобаларының  авторларының бірі. Жалпы еңбек өтілі – 33 жыл, соның ішінде кітапханалық еңбек өтілі – 30 жыл.

Бүгінде рухани өміріміздің өзегі іспеттес ғылымды, білімді жеткіншек ұрпаққа насихаттауда, рухани мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде өзінің елеулі үлесін қосып келе жатқа өзіндік тұлға Людмила Юрьевна 2021 жылы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен,  облыстық, аудан әкімінің алхыс хаттарымен марапатталды.