Ибрашева Жарқынгүл Сағындыққызы 1970 жылы 25 қазанда Орал облысы, Казталов ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген. 1977-1987 жылдар аралығында Орал қаласында М.Өтемісов атындағы санаториялық мектеп-интернатта оқып, бітіреді. 1996-1997 жылдары Еңбек министрлігі, еңбек биржасының оқу орталығында бухгалтер мамандығын оқиды. 2008-2010 жылдары Орал гуманитарлық колледжін аяқтап, кітапханашы мамандығын бітіреді. 2010-2013 жылдары БҚИГУ-ның сырттай бөлімінде «Кітапхана ісі» мамандығын бітірген.
2008 жылдан бастап Ж.Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында, кітап қорын өңдеу бөлімдерінде жұмыс атқарды. 2009 жылдың наурыз айынан бастап кітап қорын толықтыру бөлімінің кітапханашысы ретінде қызмет атқарып келеді.

    Ибрашева Жарқынгүл оқырман сұраныстарын зерттеу жұмыстарына қатынасып, қосымша картотека ұйымдастырумен шұғылданады, оқырман сұраныстарының қанағаттандырылуын қадағалайды. Қазақстан Республикасы кітап баспаларынан келіп түскен әдебиеттерді қабылдап және қабылданғаны туралы актілер ұйымдастырып, кітап баспаларымен алыс-бepic туралы хабарласып, алынған құжаттар туралы есеп береді. Келіп түскен әдебиеттерді облыс кітапханаларына тарату үшін жетекші құрал жасақтайды және оларға алфавитті электрондық жинақ картотекасын, алфавиттік каталогын, жиынтық есеп кітабын ұйымдастырады. Облыстық кітапхана қорының Мәліметтер базасын жүргізуге, кітап қорын пайдаланылмайтын, ескірген және тозған әдебиеттерден тазарту жұмысына қатысады. 2022 жылы «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.