Исағалиев Қуаныш 1940 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Тілеулі ауылында дүниеге келген. Екінші бесжылдық бастауыш, Ново-петровка жетіжылдық, Лубен орта мектебін бітірген. 1959-1964 жылдары Орал педагогикалық институтында оқып, оны қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімі лауазымы бойынша тәмамдады. Қ.Исағалиев 1964-1971 жылдары Белогор және Жымпиты орта мектептерінде аталған пәндерден шәкірттерге дәріс берді. Содан кейін облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында тарих және қоғамтану кабинетінің меңгерушісі болды. 1973-1998 жылдар аралығында облыстық «Орал өңірі» газетінің редакциясында тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі болды. 1998 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Қуаныш Исағалиев Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінде мемлекеттік тілдің маманы, республикалық қазақ радиосы мен теледидар корпорациясында «Ақшам» ақпарат бағдарламасының жауапты хатшысы және «Сарыарқа» баспасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі қызметін атқарды. Астанадағы «Арқа ажары», «Астана ақшамы» газеттерінде ақын өлеңдері бірнеше дүркін жарияланды.
Қуаныш Исағалиев – СССР және Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, «Тоғыз перне» («Жалын» баспасы – Алматы), «Уақыттың асау тұлпары» («Сарыарқа» баспасы – Астана), «Өмір – ағыс», «Заман – көш» өлеңдер жинағы және «Жан шуағы жадырай төгілгенде» (Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті баспасы – Орал) проза кітабының иесі. Ол 1980 жылы Ярославль қаласында өткен Бүкілодақтық журналистер конференциясының делегаты, 1993 жылы Ресейдің Саратов қаласында өткен қазақ мәдениеті күндеріне қатысқан Орал өңірі әдебиетшілерінің өкілі болды.
2012 жылы Орал қаласында 5 наурызда дүниеден озды.

Әдебиеттер:

Исағалиев Қ. Уақыттың асау тұлпары: өлең // Орал өңірі. – 1987. – 9 шілде. – Б. 3.
Исағалиев Қ. Ұлы сын. Дастан: өлең // Орал өңірі. – 1987. – 27 қыркүйек. – Б. 3.
Исағалиев Қ. Жаңа дәптерден: Ақ Жайық әдебиетшілерінің творчествосы // Орал өңірі. – 1988. – 12 тамыз. – Б. 4.
Исағалиев Қ. Өмір – ағыс атойлап алға асқанда: Ақ Жайық әдебиетшілерінің творчествосы // Орал өңірі. – 1991. – 12 маусым. – Б. 3.
Исағалиев Қ. Қалың ел қабырғалы аман болғай: Ақ Жайық әдебиетшілерінің творчествосы // Орал өңірі. – 1992. – 12 маусым. – Б. 4 .
Исағалиев Қ. Ұрпақтарға дарытқан терең білім: арнау жыр // Серпін. – 1993. – 6 қазан.
Исағалиев Қ. Туған жер туралы толғаулар: Ақ Жайық әдебиетшілерінің туындылары // Орал өңірі. – 1995. – 10 мамыр. – Б. 3.
Исағалиев Қ. Өмір – ағыс: өлеңдер жинағы. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ баспаханасы, 2003. – 157 б.
Исағалиев Қ. Заман – көш / алғы сөз жазған Өтепберген Жүсібәлиев. – Орал: М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ баспаханасы, 2004. – 158 б.
Исағалиев Қ. Қалың ел қабырғалы аман болғай: таңдамалылар. – Орал: Постмэн, 2008. – 272 б.