Искалиева Гүлсін Салихатқызы 1967 жылы Орал облысы, Камен ауданы, Жемшін ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984-1986 жылдары Ақтөбе мәдени-ағарту училищесі, 1989-2004 жылдары Пушкин атындағы Орал пединститутының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.

Гүлсін Салихатқызы 1987-1990 жылдары Родник және Жемшін ауылдық мәдениет үйлерінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1990 жылдың қыркүйек – желтоқсан айларында Жаңажол бастауыш мектебінің мұғалімі жұмысын атқарған. 2005-2011 жылдары Амангелді селолық округінің бас маманы қызметін атқарған.

2012 жылдан бастап Амангелді ауылдық кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.Кітапхана саласында атқарған еңбегі үшін  Гүлсін Салихатқызы аудан, облыс көлемінде алғыс хаттармен марапатталған.