2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ұшқыш, полк командирі, Иван Устинович Гринько 1922 жылы 6 қазанда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының Кузнецовское ауылында дүниеге келген.

1942 жылы Орынбор әскери әуе училищесін бітірген. 1942 жылдың қарашасынан 2 – Прибалтика майданының 15 – әуе армиясы, 214-штурмдық авиация дивизиясы, 190-штурмдық авиаполктің құрамында болған, Ұлы Отан соғысына қатысты. 1949 жылдың тамызына қарай капитан Иван Гринько 129 рет әуе сапарына шығып, жаудың әскери техникасы мен әскерін жойған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Иван Гринькоға 1944 жылдың 26 қазанында Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1946 жылы запасқа шықты. Кеңес әскері қатарына 1952 жылы қайта шақырылған. 1960 жылы запасқа шығып, Орал қаласында тұрды.

Ленин, 3 Қызыл Ту, 3-дәрежелі Кутузов, Александр Невский, 2 рет l-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1989 жылы 14 қыркүйекте қайтыс болып, Орал қаласында жерленді.

Әдебиеттер тiзiмi

1963 жыл
1.Жанғазиев Қ. Асқан ерлік: [Совет Одағының Батыры Гриньконың өмір жолы жайында баяндалады] // Батыс Қазақстан.-1963.-2 ақпан.

1965 жыл
2.Жәрдемов К. Алтын жұлдызды жігіт // Коммунизм жолы.-1965.-27 сәуір.
3.Қанатты сұңқар: [Кеңес Одағының Батыры Иван Гриньконың ерлігі туралы] // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-15-16 б.

1969 жыл
4.Гринько Иван: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы: Қазақстан, 1969.-Т.1.-201-202 б.

1971 жыл
5.Ильясова Р. Жаңа деректер: [ И.У. Гринько мен И.М. Пятковский туралы] Коммунизм жолы.-1971.-8 мамыр.

1975 жыл
6.Коняхин И.И. Батыр қыран: [Совет Одағының Батыры И.У. Гринько жайлы] // Орал өңірі.-1975.-8 мамыр.

1985 жыл
7.Төлеуғалиев Т. Қыран болып самғаған // Орал өңірі.-1985.-14 мамыр.

1989 жыл
8.Гринько Иван: қазанама // Орал өңірі.-1989.-16 қыркүйек.

2010 жыл
9.Гринько Иван: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.-Алматы: Арыс, 2010.-218 б.
10.Гринько Иван: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-68-69 б.
11.Гринько Иван: өмірдерек // Жеңімпаздар-Победители.-Орал, 2010.-15 б.