Журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ғарифолла Көшенов 1939 жылы 17 ақпанда Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын «Орда» кеңшарында механизатор болып бастаған. 1958 жылы облыс ақындарының тұңғыш айтысына қатысып, 3-орын алған. 1959 жылы облыс ақындарының 2-айтысында жеңімпаз болып, «Облыс ақыны» атанған. 1964 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітіріп, Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, бас редактор, 1990-93 жылдары облыстық теле-радиокомпанияның төрағасы қызметтерін атқарды. «Жас дәурен» (1961), «Кең жайлау» (1962) жинақтарына топтама өлеңдері, «Еңбек даңқы» (1978) кітабына очеркі енді. Айтыстары «Ақындар үні» (Орал, 1958) жинағында жарияланған. Қазір Алматы қаласында тұрады.
Әдебиеттер:
Көшенов Ғ. Жетібайдағы жүздесу: Тайыр Жароковтың туғанына 100 жыл толуына // Орал өңірі. – 2008. – 26 маусым. – Б. 7.
Көшенов Ғ. Жетібайдың Қанатты көгі: Тайыр Жароковтың туғанына 100 жыл //Ана тілі.- 2008. – 27 қараша. – Б.18.
Көшенов Ғ. “Жұрғалидың шекпенінен” шыққанын мақтаныш тұтады // Жас Алаш. – 2008. – 24 сәуір. – Б.5.
Көшенов Ғ. Ұстаз: публицист, жазушы, аудармашы Жұрғали Ертілесовтің туғанына – 80 жыл // Орал өңірі. – 2008. – 3 сәуір. – Б. 8 – 9 .
Көшенов Ғ. Жыр-сәлем: өлең // Орал өңірі. – 2009. – 26 ақпан. – Б.6.
Көшенов Ғ. Қоян жылы: өлеңдер, эсселер, естеліктер / тех. ред. Р. М. Цечоев; корректурасын оқыған А. Әбікенқызы; компьютерде беттеген И. Г. Тагильцева. – Алматы: Интеллсервис, 2015. – 472 б.
Көшенов Ғ. Қайран Нарын! // Егемен Қазақстан. – 2016. – 11 наурыз. – Б. 10.
Көшенов Ғ. Сүмбіленің салқыны: хикаяттар, естеліктер, өлеңдер / тех. ред. Р. М. Цечоев; компьютерде беттеген И. Г. Тагильцева. – Алматы: Интеллсервис. – 2017. – 304 б.
Көшенов Ғ. Генералдың кителі: естелік // Орал өңірі. – 2017. – 16 ақпан. – Б. 10 – 11.
Көшенов Ғ. Алғали деген аға-ды, ақ кіреуке жаға-ды…: естелік // Орал өңірі. – 2017. – 14 қыркүйек. – Б. 6.
Көшенов Ғ. Мағжановтан қалған мұрағат немесе шопанның қой қорасындағы… фотосессия // Орал өңірі. – 2017. – 28 шілде. – Б. 22 – 23.
*****
Көшенов Ғарифолла: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2002. – Б.324.
Қыстаубаев Е. Жайығына сағынышы басылмайтын журналист: журналист Ғарифолла Көшенов // Орал өңірі. – 2009. – 26 ақпан. – Б.6.
Қыстаубаев Е. Өзіміздің Ғарекең: “Орал өңірі” газетінің бұрынғы редакторы Ғарифолла Көшенов туралы бір үзік сыр // Орал өңірі. – 2008. – 27 наурыз. – Б. 8.
Нәріков А. Тайыр ақынды тәнті еткен өлеңдер: қаламгер Ғарифолла Көшенов // Орал өңірі. – 2010. – 18 наурыз. – Б. 8.
Әліпқали Т. Бекзат дарын // Орал өңірі. – 2019. – 8 ақпан. – Б. 12
Қыстаубаев Е. Әлі тамсанып жүрміз.. // Орал өңірі . – 2019. – 5 сәуір. – Б. 12-13.
Сейтақ Ғ. Ғарекеңе: Ғарифолла Көшенұлына арнау // Орал өңірі. – 2019. – 15 ақпан. – Б. 8.