Кадырбекова Кербез Ердәулетқызы 1972 жылы 4 наурызда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Аққозы ауылында дүниеге келген.
І-топтағы көз мүгедегі.
Алматы қаласындағы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатын бітіргеннен кейін, 1990 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы «Қазақ соқырлар қоғамының» оқу-өндірістік кәсіпорынында жұмыс жасайды.
2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін «Кітапханашы-библиограф» мамандығы бойынша бітіреді.
1998 жылы Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасында еңбек жолын кітапханашы қызметінен бастайды. 2015 жылдан бастап кітапхананың тифлоақпараттық – библиографиялық бөлімінінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Еңбек жолында Кербез Кадырбекқызы Брайль жүйесін жетік білетін маман ретінде танылып, 2000 жылы кітапхана жанынан көру жанарынан айырылған жандарға Брайль жүйесін меңгертуге бағытталған «Брайлист» үйірмесін ашты. Сонымен қатар көру мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ететін тифлоқұралдардың қолдану жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Кітапхана оқырмандарының игілігі жолында түрлі жобаларды, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалардың оқырмандар арасында насихатталып, жүзеге асырылуына да белсене атсалысып, осы бағыттағы жобаларды жүзеге асырып келеді.
«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының «Туған жер» және «Қазақстанның сакральды географиясы» жобалары аясында «Ақжайық өңірінің сөйлейтін суреттері» көпформатты басылымдары» және «Ақжайық өңірінің киелі жерлерінің географиясы» жобаларын жүзеге асырды. Аталған жобалар инновациялық технологияларды пайдалана отырып, көру мүмкіндігі шектелген жандарға жергілікті суретшілердің туындыларын арнайы тактильді түрде, көпформатты басылым түрінде және өңіріміздің киелі жерлерін таныстыру мақсатында бедерлі-графикалық, нүктелі-бедерлі қаріпте басылымдар басып шығаруға бағытталған.
К.Кадырбекова РФ-ның Саратов облыстық арнаулы кітапханасы ұйымдастырған «Гагаринские чтения» сертификатына (2021ж), зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың нүктелі-бедерлі қаріпте кітап шығаруда Брайль жүйесін толықтай меңгергендігі туралы серфикатына ие (2021ж). Облыстық арнаулы кітапхана оқырмандарының игілігі жолында атқарып жүрген елеулі істері үшін Кербез Қадырбекқызы Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы, облыс әкімі орынбасарының, ҚР-сы мәдениет, спорт және ақпарат кәсіподақ ұйымының, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі облыстық басқармасы филиалының Алғыс хаттарымен (2019 ж), ҚР мәдениет және спорт министрлігінің құттықтау хатымен, Қазақстан таланттары өнер-білім дамыту шығармашылық орталығының «Үздік қызметкер» төсбелгісімен (2019), облыс әкімінің Алғыс хатымен, Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. «Qazaqstan Education» оқу орындары басшыларының қауымдастығы» ұйымдастырған «Ең үздік маман-2021» республикалық онлайн байқауының «Кітапхана ісі» номинациясы бағыты бойынша І орынға иегері.
Үлгілі отбасы. Бір ұл, бір қызы бар.