Каримуллина Райхан Кәрімқызы 1959 жылы Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылында дүниеге келген. 1975 жылы орта мектепті бітірген соң, Алматы облысы, Шелек ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте кітапханашы болып жұмыс істеген. 1978 жылы Алматы Қазақ педагогикалық институтында оқып, бітірген соң туған ауылындағы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі , мектеп директоры болып жұмыс істеді.
1999 жылғы «Жыл мұғалімі байқауының бас жүлдегері, облыстық бәйгеден 11- ші орын алған, Ұстаз ана – от басының шуағы, Ұстаз ақын көкрегінен жыр төгілген» – деп ұстаздықпен қоса ақындықты қатар алып жүрген жан. Оның өлеңдерінен әйел адамға тән мейірімділік, жылылық , тілектестік сезіліп тұрады.
Оқырман қауымға Райхан Кәрімқызы «Күйші ағаға», «Ұстазға арнау», «Көңіл сыры», «Наурыз жыры» т.б. өлеңдерімен жақсы таныс.
Бүгінде Орал қаласына қоныс аударып, облыстық «Ұстаз» ғылыми – әдістемелік журналдың редакторы қызметін атқарады .
Әдебиеттер:
Каримуллина Р. Өлең өлкесінде: «Көңіл сыры» атты өлең жолдары // Шұғыла. – 2000. – 30 қыркүйек. – Б. 6.
Каримуллина Р. Ұлылықты ұлықтаған ұстаз : Өз ісін жетік білетін жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы, білікті мектеп директоры, тәжірибелі аға оқытушы, жаңашыл тренер Райхан Каримуллинамен сұхбат // Қазақстан әйелдері. – 2017. – №2. – Б. 6 – 9.
Габдрахманова Ш. Болмысымен парасатты ұстаз: БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қызмет жасайтын Райхан Кәрімқызы Каримуллина туралы // Жайық ұстазы. – 2016. – 28 желтоқсан. – Б. 8.
Телағысова Б. Облыстық байқауға қатысады: «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы Р. Каримоллақызы туралы // Шұғыла. – 1999. – 11 қыркүйек. – Б. 3.