Карина Ұлболсын Қалқаманқызы 1965 жылы,13 ақпан күні БҚО, Жаңақала ауданы, Маштексай ауылында дүниеге келді. 5 сыныптан бастап Орал қаласындағы М.Өтемісов атындағы мектеп-интернатында оқып, онжылдық білімін аяқтады. 1982-1985 жылдары түрлі қол жұмыстарын істеді. 1985-1987 жылдары Атырау мәдени-ағарту училищесінің «Мәдени-ағарту жұмыстарының ұйымдастырушысы» факультетін қызыл дипломмен тәмәмдады. Училищеден бітірген мамандығы бойынша 1988-1997 жылары Алғабас ауылдық Мәдениет үйінде әдіскер қызметін атқарып, 9 жылға жуық жұмыс жасап, ал 2000-шы «Мәдениетті қолдау» жылы ауылдық кітапхана жұмысына шақырылып, күні бүгінге дейін осы Алғабас ауылдық модельді кітапханасында меңгеруші болып еңбек етуде. Еңбек ете жүріп, 2002-2004 жылдары БҚМУ-нің «Кітапханатану және библиография» бөлімінде сырттай оқып, білімін тереңдетті. Кәсіби еңбегімнің жетістіктерге жетуіне және кітапхана жұмысының алғы шептерден көрінуімен байланысты Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы және Х.Есенжанов атындағы жасөспірімдер мен балалар кітапханасының атынан түрлі мадақтау хаттармен, дипломдармен марапатталды. Кітапхана саласындағы еңбек өтілі – 22 жыл.
Ұлболсын Қалқаманқызы «2005 жылдың үздік кітапханашысы» байқауынан 1 орын, «2006 жылдың үздік кітапханашысы» байқауынан 2 орын иеленіп, Сырым аудандық ОКЖ атынан Дипломымен марапатталды. 2006 жылы «Ауыл энциклопедиясы – шағын Отан» байқауынан І-дәрежелі Дипломмен Сырым аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Ә.Т.Жоламанов пен ОКЖ директоры Р.Қ.Хасанованың атынан марапатталды. 2018 жылы, Воронеж облыстық балалар кітапханасының орыстың балалар ақыны, драматургі С.Я.Маршакты еске алу барысында ұйымдастырылған акцияға қатысқаны үшін «Дипломмен» марапатталды.
2020 жылы, Мәдениет және өнер қызметкерлерінің «Рухани қазына – 2020» фестивалінің республикалық кезеңіне «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері» аталымы бойынша ҚР Ұлттық кітапханасының арнайы сыйлығымен марапатталды.
Ұлболсын Қалқаманқызы жұмыс қабілеттілігіне сай еңбегі үшін бірнеше алғыс хаттармен марапатталды.
2021 жылы, тамыз айында кітапхана саласындағы еңбегі үшін Қазақстандық Кітапханалық Одақ атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.