Электрондық БАҚ-ың кеңінен тарауы және қоғамда өнегелік байлықтың жойылуы кітаптан алыстау процесін өмірге әкелді.Ересек адамдар кітап оқу әдетінен айырылуда, ал балалар болса оларды қолға алудан да бас тартуда. Кітап оқу және кітапхананы пайдалану көрсеткіштері төмендеуде. Кітап оқу және «кітап оқыған адам-ұлттық жетістік», сондықтан да кітапхана қызметі халықтың сан түрлі қызығушылық мүдделерін жауап бере алатын сапалы ақпараттық орта қалыптастыруға бағытталуы керек. Халық көкейкесті ақпаратты іздестіру, жасақтау және қолдану процестеріне назар аударуы тиіс. Қоғам алдында адамның шығармашылық ғылыми және кәсіптік әлеуметтілігін дамыту және оны елде әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жүргізуге белсенділікпен тарту патриоттыққа тән азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу міндеттері тұр. Алға қойылған міндеттері орындау білім, ақпарат мәдениет әлеміне терезе болып табылатын қатынауынсыз мүмкін емес. Кітапхана өзін идеялар, білім ақпараттар алмасу өткізілетін оқу аумағы ретінде ұсына білуі қажет.
2020 жылдан бастап Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК өзінің қолжетімді ақпараттық және интеллектуалдық ресурстары арқылы БҚО тұрғындарына «ҚОШ» қызықты оқуға шақырамыз атты жобасын ұсынады.
Жобаның мақсаты:
– оқырмандар көңіл аударарлық кітап оқуды аса дәріптеу, әдебиет танымдылығын арттыру.
Жобаның міндеттері:
– халықтың сұранысын қанағаттандыру негізі ретінде кітапханалық қорды жаңғырту;
– ең үздік үлгідегі әдебиет қол жетімділікті қамсыздандыру;
– кітапхана пайдаланушыларға оқырмандық және ақпараттық мәдениеттілік қалыптастыру;
– рухани өмірдің маңызды факторы ретінде елімізде әлеуметтік-мәдени жаңғыртудың бірде-бір базасы болып табылатын кітап оқуды насихаттау;
– мәдени демалыс өткізу тұғыры ретінде кітаптарын жария ету.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі – 2020-2022 жж.