Кітап қорын өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру секторы кітап қорын толықтыру бөлімінен кітапхананың құрылымдық бөлімі ретінде 2004 жылы қаңтар айында бөлініп шықты.
Сектордың негізгі міндеттері:
- жаңадан келген әдебиеттерді ғылыми өңдеуден өткізу – каталогтау саласында қолданылатын ұлттық стандарттар мен ережелерге сәйкес құжатты индекстеу және библиографиялық сипаттама жазу;
- кітапхана ғылымы мен тәжірибесіне сай каталогтар жүйесін дәстүрлі және электрондық пішімде ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;
- оқырмандар мен кітапхана мамандары арасында каталогтар жүйесін жарнамалау;
- жаңадан түскен әдебиеттерді ОҒӘК-ның құрылымдық бөлімдеріне уақытылы және жедел түрде жеткізіп отыру;
- каталогтарды жаңа түскен әдебиеттер туралы ақпаратпен толықтыру және қордан шыққан әдебиеттер туралы мәліметтерді шығарып тастау;
- Жыл сайын бөлім 4,0 мыңнан астам құжатқа (кітап, бейнебасылымдар, картографиялық деректер, ноталық басылымдар, бейнематериалдар, дыбыс жазбалары, CD-ROM ) реттеуші құжаттарды басшылыққа ала отырып, өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Сектордың оқырмандарға ұсынатын қосымша қызметтері:
- мекемелер үшін УДК және КБЖ (ББК) кестелері бойынша құжаттың мазмұнына сәйкес классификациялық (жіктелу) индексін анықтайды;
- мекемелер үшін құжаттардың библиографиялық сипаттамасын құрастырады.