Кітап қорын толықтыру бөлімі

Кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу  және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі 1948 жылы ашылды.
Кітап қорын толықтыру бөлімі бөлек құрылым ретінде 2004-ші жылдан бері жұмыс істейді..
         Бөлімнің негізгі міндеттері:

  1. кітапханадағы  кітап қорын әдебиеттемен толықтыруды  облыстық және мемлекеттік  деңгейге жеткізу;
  2. мақсатты жоспарды қаржымен қамтамасыз етуді ақиқатқа негіздеу;
  3. кітапхана қорының өсуіне жергілікті баспа мекемелері, жекеленген мекемелер, отандық және шетелдік мәдениет пен ғылым өкілдері, авторлар, коллекционерлер, кітапсүйгіштермен   бірлесіп ықпал ету;
  4. білімнің барлық саласы бойынша ғылыми тұжырымдалған және жедел толықтыру арқылы өлкенің әлеуметтік- экономикалық, табиғи-географиялық, өндірістік, ғылыми және мәдени  бағдарына орайластырып,  құжаттарды оңтайлы қалыптастыру;
  5. мемлекеттік кітапханалардың  қорын толықтыру жұмысын қадағалап отыру; кітапхананың қорын толықтыру мен есебінің жұмыс процесін ғылыми-әдістемелік және іс-тәжірибелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
  6. кітап қорының салалары бойынша кітапхананың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
  7. қайырымдылық қорлар және ұйымдармен бірлесе қызмет жүргізу,
  8. бөлімнің әрі қарай дамуы мен қызметіндегі негізгі бағытарын  жетілдіру үшін жаңа ақпараттық жүйені және бағдарламалар жиынтығын енгізуге қатысу;

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның кітап қорын толықтыру бөлімінен облыс кітапханаларының қорына  жыл сайын 60,0 мың құжат түседі; оның 8.0 мыңы мемлекеттік «Мәдени мұра» жоспары бойынша дайындалған әртүрлі құжаттар. Облыстық бюджеттен кітапхана өз оқырмандары үшін 350 атаулы күнделікті баспасөз басылымдарын жаздырып алады; оның 80% республикалық басылымдар.

Бөлім меңгерушісі: Куатова Айгүл Өтешқызы
Телефон: 8(7112) 25 04 14