Кітап қорын толықтыру, әдебиеттерді өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі 1948 жылы ашылды.
Кітап қорын толықтыру бөлімі бөлек құрылым ретінде 2004-ші жылдан бері жұмыс істейді..
Бөлімнің міндеттері :
- кітапханадағы кітап қорын әдебиеттемен толықтыруды облыстық және мемлекеттік деңгейге жеткізу;
- мақсатты жоспарды қаржымен қамтамасыз етуді ақиқатқа негіздеу;
- кітапхана қорының өсуіне жергілікті баспа мекемелері, жекеленген мекемелер, отандық және шетелдік мәдениет пен ғылым өкілдері, авторлар, коллекционерлер, кітапсүйгіштермен бірлесіп ықпал ету;
- білімнің барлық саласы бойынша ғылыми тұжырымдалған және жедел толықтыру арқылы өлкенің әлеуметтік- экономикалық, табиғи-географиялық, өндірістік, ғылыми және мәдени бағдарына орайластырып, құжаттарды оңтайлы қалыптастыру;
- мемлекеттік кітапханалардың қорын толықтыру жұмысын қадағалап отыру; кітапхананың қорын толықтыру мен есебінің жұмыс процесін ғылыми-әдістемелік және іс-тәжірибелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
- кітап қорының салалары бойынша кітапхананың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
- қайырымдылық қорлар және ұйымдармен бірлесе қызмет жүргізу;
- бөлімнің әрі қарай дамуы мен қызметіндегі негізгі бағытарын жетілдіру үшін жаңа ақпараттық жүйені және бағдарламалар жиынтығын енгізуге қатысу.
Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ның кітап қорын толықтыру бөлімінен облыс кітапханаларының қорына жыл сайын 60,0 мың құжат түседі; оның 8.0 мыңы мемлекеттік «Мәдени мұра» жоспары бойынша дайындалған әртүрлі құжаттар. Облыстық бюджеттен кітапхана өз оқырмандары үшін 350 атаулы күнделікті баспасөз басылымдарын жаздырып алады; оның 80% республикалық басылымдар.