Кітап сақтау бөлімі
Кітапханада көп жылдардан жұмыс істеп келе жатқан бөлімдерінің бірі – кітап сақтау бөлімі, оның құрылымына қорды депозитарлық сақтау секторы кіреді. Кітап сақтау бөлімі 1948 жылы құрылғанымен, облыстық мәдениет басқармасының шешімімен 1959 жылы жеке бөлім болып бекітілді.
Бөлім жұмысының негізгі бағыттары:
- қордың ғылыми негіздемеге сүйеніп қалыптастырылуы;
- сақтау тәртібін пайдалана отырып қорды тиімді ұйымдастыру және сақтау;
- қалыптасу мен пайдалану барысының барлық сатысында тұрақтылық сақтау, қалпына келтіру (реставрация) жұмыстарын жүргізіп отыру.
Кітап сақтау бөлімінің негізгі қызметтері:
- маңызды әдебиеттермен қорды сапалы түрде жаңартып, толықтырып отыру;
- оқырманның жоғалтуы мен құжаттың тозуға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын кемшілік, жетіспеушілікті болдырмау мақсатында қорды толықтыру;
- жүйелі түрде қорды ескірген қайталама (дублетті) әдебиеттерден тазартып отыру;
- құжаттарды оқырмандарға беру оқырманның сұранысы бойынша қызмет көрсету бөлімдері арқылы жүзеге асырылады;
- кітап сақтау қорындағы әдебиеттердің электрондық каталогын жасау.
Кітап сақтау қорының құрамы:
- Бөлімнің қоры 148,0 мыңнан данадан астам кітаптан (оның 14,0 мыңы қазақ тілінде) тұрады; Жинақталған кітап қоры өзінің құрамы, хронологиясы (ХІХ ғ. – 1940 жылға дейін), баспаханалық орындалу ерекшелігімен дараланады, сонымен қатар электрондық кітаптар да бар;
- Репринттік, факсималдық, миниатюралық басылымдар, қолтаңба қалдырылған кітаптар;
- Қазақстан ақын – жазушылары: Ж.Молдағалиев, Қ.Мырза Әли, Ә.Тарази, С.Сейітов, Ә.Кекілбаев және жергілікті жазушылар Н.Корсунов, А.Бақтыгереева, Т.Азовская, Т.Доронин, В.Ирхин мәдениет пен өнер қайраткерлері С.Рихтер, Б.Ахмадуллина, М.Боярский, В.Линовой, М.Бисенғалиев т.б. қолтаңбалары жазылған кітаптар, шетел және ТМД елдері халықтарының тіліндегі, өлкетануға байланысты әдебиеттер сақталуда.
- Қордың мерзімді басылымдар бөлімінде 6,0 мың дана журнал (2700-і қазақ тілінде), 150 газет тігіндісі (10 – қазақ тіліндегісі) сақталған. Бөлімде облыстық, қалалық, аудандық газеттердің жинағы бар, әрбір атаулы газет – журналға сақталу мерзімі белгіленген, соған сәйкес сақталу мерзімі өткен басылымдар қордан алынып тасталады. Кейбір газет -журналдардың құндылығына байланысты, сақталуының ерекше хронологиялық ауқымы бар, сондықтан сақталу мерзімі сол құндылығы мен маңыздылығына орай, жүзеге асады.
Бөлім меңгерушісі: Жұмақаева Әлия Бақытқызы
Телефон: 8(7112) 50 04 03