Кітапхана туралы
2019
- Елекенов Е. “Жастар жылы – жаңғыру жолы” // Орал өңірі . – 2019. – 5 наурыз. – Б. 11.
Таяуда осындай атаумен Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында студенттердің қатысуымен іс-шара өтті.
- Рабаева Я. “Хаттар сыры” тереңде… // Орал өңірі. – 2019. – 29 қаңтар. – Б. 16.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының оқу залында өлкетанушы Жәнібек Әбілпейісовтың “Хаттар сыры” атты кітабының тұсаукесері өтті.
- Таза ауада кітап оқыңыз // Жайық үні. – 2019. – 9 мамыр. – Б. 3.
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының бастамасымен ашылған ашық аспан астындағы “Ертеңгілік оқу залы” жалғасуда.
2018
- Бияшева Г. Үздік кітапханалар анықталды // Орал өңірі. – 2018 . – 11 желтоқсан. – Б. 9.
Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында ауыл кітапханалары фестивалінің облыстық кезеңі өтті.
- Жамет С. “Оқу kz: білім алушы жастарды кітап оқуға тарту” // Жайық үні. – 2018 . – 12 сәуір. – Б. 5.
Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы қаламыздағы №6 мектепте жоба ұйымдастырды.
- Жолдығали Г. Туған өлкем -Теректім // Орал өңірі. – 2018 . – 29 қараша. – Б. 7.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында “Аудан кітапханаларының күндері” жобасы аясында “Туған өлкем – Теректім” атты орталықтандырылған кітапханалар күні өтті.
- Кеңесов, Ақболат. Бүркіттей самға, еліңді қорға / А. Кеңесов // Сақшы. – 2019. – 15 мамыр. – Б. 8.
Аннотация: Елімізде Жастар жылының жариялануы Елбасының жас буынға арналған жарқын үндеуіне айналды. Жастар – XXI ғасырда Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі. Еліміздің болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тілегіне, арман-мұратына байланысты.
- Құсайынов А.”Кітап – мәңгілік елдің рухани мұрасы”//Шұғыла.-2018.-22 маусым.-Б. 4.
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің “Аудан кітапханаларының күндері” мен “Ауыл кітапханаларының фестивалі” облыстық жобалары негізінде “Кітап – Мәңгілік елдің рухани мұрасы” атты шара өтті.
- Набиоллаұлы Н. Майдангер әже 95 жаста // Орал өңірі. – 2018 . – 4 тамыз. – Б. 7.
ҰОС ардагері, “Фронтовичка” клубының мүшесі, көп жылдар облыстық кітапхананы басқарған Лидия Губанова 95 жасқа толды.
- Нуфтуллина, Аягүл. “Жастар жылы – жаңғыру жолы” / А. Нуфтуллина // Үш қоңыр. – 2019. – 8 наурыз. – Б. 4.
Аннотация: Еліміздің ертеңі де, қоғамды дамытатын жетекші күш те – ол жастар. Жастар мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырып, жаңа белестерге ұмтылып, жаңа идеялардың туындауына себепші.
- Рабаева Я. Дәуірдің дара тұлғасына арналды // Орал өңірі. – 2018 . – 29 қараша. – Б. 8.
Жұбан Молдағалиев атвындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Тұңғыш Президент күніне арналған “Елдің діңгегі – Елбасы” атты шара өтті.
- Саяқ С. “Кітапфест – 2018” // Орал өңірі. – 2018 . – 26 сәуір. – Б. 3.
23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай және “Жаңарған дәуір – жаңғырған оқу” жобасының аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-сы ұйымдастырған “Кітапфест – 2018” шарасы болып өтті.
- Саяқ С. “Жер жәннаты – Жаңақала” // Орал өңірі. – 2018. – 8 наурыз. – Б. 12.
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Аудан кітапханаларының күні” жобасының аясында “Жер жәннаты – Жаңақала” атты шара өтті.
- Саяқ С. “Ризашылық пен алғыс” // Орал өңірі. – 2018. – 1 наурыз. – Б. 2.
Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Ризашылық пен алғыс” атты шара өтті.
- Ізбасарұлы С. Астана – біздің мақтанышымыз // Орал өңірі. – 2018. – 22 ақпан. – Б. 6.
Облыстық Ж. Молдағалиев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада “Ел жүрегі – ажарлы қала Астана” атты кітап көрмесі өтті.