2000 жылдан бастап Қазақстанда отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінуде, кітапханалар өздерінің басты міндеттерінің бірі ретінде отбасыларды рухани қолдау, кітап оқу арқылы өз өмірлерін қызықты ету деп санайды. «Оқитын Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2007 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК- да отбасылық оқу орталығы ашылды.
1. Жалпы ереже;
1.1.Кітапхана жанынан құрылған жанұялық оқу орталығы кітаптың және оқудың жоғары қоғамдық мәртебесін қолдау, оқу мәдениетін арттыру, оқырмандарды жанұядағы әр түрлі санатты оқырмандарды оқуға және кітапханаларға тарту үшін құрылған ерікті өзін-өзі басқаратын бірлестік болып табылады.
2. Ереженің мақсаты;
2.1. Жанұялық оқу орталығының негізгі міндеті аймақтың барлық ой-өрсін ұйымдастыру, тұрғындардың әлеуметтік топтарын, бірінші кезекте жанұя мүшелерін кітап оқуға және кітапханаға тарту болып табылады.
Осы мақсатты шешу үшін:
– Кітапханашыларды және басқа да кітап қауымдастығы мүшелеріқазіргі кезеңнің жұмыс технологиясына үйрету, сайып келгенде кітаптың қоғамдық мәртебесін көтеру, кітапханаға оқырман тарту.
Жанұялық оқу орталығы жергілікті қауымдастықтың барлық шығармашыл күштерін, орталықтарын жұмысына тартады.
– оқырмандар мен кәсіби бірлестіктер, кітап, әдеби клубтарын құрады;
– кең көлемді кітап-оқу науқанын дәстүрлі әдістермен таныстыру;
– «Әкем, анам және мен-оқырман отбасы», «Балалар үлкендерге оқиды, үлкендер балаларға оқиды», «Біздің ең жақсы көретін кітабымыз» отбасылық оқу бағдарламалары;
– Ата-аналарға кітап оқу туралы кеңес беру;
– Баспа өнімдерімен таныстырып, балаларға арналған әдебиеттерді жарнамалау;
– оқырмандар, кітапханашылар, жоғары оқу орындарының, колледждің студенттері, мектеп оқушылар арасында жедел сауалнама жүргізу негізінде оқырмандар сұранысын сұрыптап қанағаттандыру;
Жанұялық оқу орталығының негізгі мақсаты- кітапхананы пайдаланушылардың оқу белсенділігін және мәдениетін арттыру, кітаптың жаңа, қоғамдық- мәндік мәртебесін қалыптастыру, түрлі санаттағы пайдаланушыларды кітап оқуға тарту. Кітапхана мен отбасының ынтымақтастығын нығайту.
Міндеттері:
– оқу мәдениетін өрістету проблемаларына қазіргі қоғамда кітаптар мен оқудың үздіксіз дамуына жұртшылық назарын аудару;
– кітап қорының қозғалысын және оқуды үздіксіз дамыту бойынша түрлі қоғамдық мәнді жинақтар ұйымдастырады;