Кітапханаларды дамыту бөлімі облыста кітапхана ісін дамыту бағытындағы бағдарламаларды жүзеге асырады:
Батыс Қазақстан облысының мәдениеті мен мәдени мұрасын сақтау бағытындағы бағдарламасын дайындауға қатысады және жүзеге асырады. Кітапханада кітапханалардың әдістемелік жұмысын үйлестіріп отыратын кітапхана ісін дамыту бөлімі жұмыс істейді.
Бөлім аймақтың кітапхана мамандарының кәсіби , жалпы білім беру, мәдени деңгейін көтеру мәселелерін шешумен айналысуды басты назарда ұстайды.
Бөлім облыс кітапханалары қызметіндегі инновациялық үрдістерді зерттеп, орталық кітапханалар базасында инновациялық шығармашылық мектебін ұйымдастырады және олардың қызметіне ықпал етіп отыр. Бөлім соңғы жылдары «Облыс кітапханаларының кадрлық әлеуеті», «Облыс жастарының таңдауындағы әдебиеттер», «Ж.Молдағалиев атындағы ОӘҒК-ның абонемент бөлімі оқырмандарының ақпараттық қажеттіліктері» тақырыптарында әлеуметтік зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Кітапханаларды дамыту бөлімі «Үздік инновациялық жоба», «Облыстық кітапханадағы аудандық ОКЖ күндері», «Ауыл кітапханаларының мониторингі», «Оқы да. биіктен көрін»жобалары, «Үздік буктрейлерлер», «Ауыл кітапханаларының фестивалі» т.б. түрлі бағыттағы кәсіби шеберлік байқаулары мен жобаларын ұйымдастырып, өткізіп тұрады.
«Библионавигатор», «Батыс Қазақстан облысы кітапханалары: негізгі көрсеткіштер», «Мамандар» мәліметтер базасын жасақтап, толықтырып отырады. Бөлім :«Облыс кітапханалары:сандар мен мәліметтер», «Маман келбеті» сериялық басылымдарын дайындайды.
Бөлім жұмысының басымды бағыттарының бірі – шекаралас елдер ынтымақтастығы. Ресей Федерациясының Саратов , Орынбор, Самара қалаларымен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істейміз. Біздің Ресеймен шекаралас аудандарда орналасқан ОКЖ-міз Ресей Федерациясы Саратов облысының Озинки, Дергачев муниципалды ОКЖ–мен, Орынбор облысының Соль – Ильецк , Илек муниципалды ОКЖ–мен, Волгоград облысының Палласов муниципалды ОКЖ–мен, Самара облысының Большечернигов муниципалды ОКЖ-мен үнемі іс-тәжірибе алмасып отырады.
«Кітапхана–мәдениет диалогының орталығы», «Шекаралас аймақтардың кітапханалық –ақпараттық кеңістігін қалыптастыру: еуразиялық аспект», «Кітапхана –халықтың мәдени мұрасын дамыту және сақтау орталығы» тақырыптарында облыстық семинарлар өтті.
Біздің мамандарымыз Самара қаласында өткен Ресей кітапханашыларының конгресіне, Орынбор облысының Илек муниципалдық ОКЖ-де өткен «Венок дружбы» дәстүрлі фестиваліне қатысты.
Қазіргі таңда кітапханаларды дамыту бөлімі мемлекеттік жүйеге қарасты 391 кітапханаға әдістемелік көмек көрсетіп, жетекшілік етеді. Бөлім қызметкерлерінің басты назары кітапханалардың қызметін ұйымдастыру өзекті мәселелерін шешуге бағытталып отыр. Облыс кітапханалары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеруге ерекше көңіл бөлініп келеді.
Бөлімнің міндеттері:
- облыстағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына ықпал ету;
- облыс кітапханалары қызметінің әдістемелік және ақпараттық қызметін жүзеге асыру;
- облыс кітапханашыларының кәсіби шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру;
Жұмыстың принциптері:
- ашықтық пен корпоративтілік;
- Біз аймақтағы барлық кітапханалармен ашық диалогке, серіктестікке, ынтымақтастыққа дайынбыз!
- Біз өз жұмысымыздың әдістері мен стилін жетілдіреміз, инновацияларды ендіреміз.
Жұмыстың бағыттары:
- кітапхана жүйесінің, сонымен қатар жекелеген кітапханалардың жағдайы мен дамуына талдау жасау;
- ұсыныстық –әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету;
- кітапханалық жаңашылдықты іздеу, бағалау, дайындау, қолдану;
- ғылыми зерттеу жұмыстары;
- әдістемелік құралдар дайындау, басу, тарату;