Коба Ольга Васильевна 1968 жылы 17 маусымда Орал облысында Шыңғырлау ауданының Палтава ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Шыңғырлау ауданының Шиілі орта мектебін бітірген. 1986-1989 жылдары Орынбор қаласындағы мәдени –ағарту училищесіне оқып, арнаулы орта білім алып шыққан жас маман Орынбор қаласындағы Некрасов атындағы кітапханада кітапханашы қызметін атқарған. 1989 жылдан бастап Шыңғырлау ауданындағы орталық кітапханасына жұмысқа орналасып, қазіргі уақытта оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде қызмет атқарып келеді. 2013 жылдан бастап “Умелые руки” клубының жұмысын жүргізеді. Ольга Васильевна өз жұмысында өзін-өзі тәрбиелеуді алға тартады.Табиғи логикалық ойлау, аналитикалық ақыл-ой және терең білімі бар маман ретінде бәріне құлақ асатын адам, қарым-қатынас, жаңа, озық білімді білу-негізгі ұстанымдары. 2020 жылы басталған “Кітапхана және жастар: үміттер, тілектер, армандар”жобасының жұмысы соның дәлелі болып табылады.
Ольга Васильевна өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, кітапханалық қызметте өзінің еңбексүйгіштігімен, ізденгіштігі мен қазіргі заман талабына сай қызмет етіп осы салада үздіксіз 35 жыл еңбек етуде.
2021 жылы Қазақстандық Кітапханалық Одақ атынан «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен сонымен қатар БҚО Мәдениет басқармасы, аудан әкімінің алғыс хаттары мен марапатталды.