Константин Яковлевич Малин 1923 жылы Саратов облысы, Озинки ауданы, Малаховка ауылында дүниеге келген. 1933 жылы Малиндер отбасы Орал қаласына көшіп келеді. Соғыстан бұрынғы жылдары Оралда әуе спорты кең өріс алды. Жергілікті жастар аэроклубында оқып, парашютпен қарғуға құмар еді.

1941 жылы Константин Малин Оралдың аэроклубын, содан кейін Чкаловта пилоттар даярлайтын авиация мектебін бітірді. Запастағы полкте ИЛ-2 штурмовик самолетін меңгерді.

Кіші лейтенант Константин Малин 1944 жылдың мамыр айында аэродромға ұшып келеді. От көзді, орта бойлы, талдырмаш денелі, пысық жігіт ұшқыштарға бірден ұнады, тез полктің өз адамы болып кетті.

Слуцк түбінде алты штурмовик немістердің қоршауда қалған тобын құртуға тапсырма алды. Топты эскадрилья командирі Михаил Просвирнов бастады. Жауға шабуыл жасау басталғанда кенеттен штурмовикке зенит батареясының оғы жауды.

Батыл әуе қыраны, бомбалау мен штурмалаудың шебері Константин Малин Жлобиннен Берлинге дейін даңқты жауынгерлік жолдан өтті. Неміс басқыншыларымен шайқаста ол 106 рет әуеге көтерілді. Оралдың жауынгер қыранының есебінде немістің құртылған 9 танкісі, 119 автомашинасы, 58 зеңбірек, көптеген қоймалар мен темір жол вагондары, 700-ден астам өлген неміс жендеті бар.

Кеңес командованиесі ұшқыш Малиннің жауынгерлік еңбегін жоғары бағалайды. Жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындағаны және ерлік пен батырлық көрсеткені үшін 1945 жылы 15 мамырда гвардия лейтенанты Константин Яковлевич Малинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ленин, екі мәрте Қызыл Ту, 1, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданындағы Зеленый ауылындағы көшелердің біріне батырдың аты берілген.

Әдебиеттер тiзiмi

1965 жыл
1.106 рет аспанға көтерілді // Орал өңірінің батырлары.-Орал, 1965.-29-30 б.

1967 жыл
2.Зуев Н. Батырлық белгісі: [Отан соғысы жылдарындағы батырлар Е. Орақбаев, К. Малин т.б. жайлы] // Орал өңірі.-1967.-17 маусым.

1969 жыл
3.Малин Константин: өмірдерек // Совет Одағының Қазақстандық Батырлары.-Алматы: Қазақстан, 1969.-17-18 б.

1975 жыл
4.Малин Константин: өмірдерек // Қазақ Совет энциклопедиясы.-Алматы, 1975.-Т.7.-427 б.
5.Малин Константин: өмірдерек // Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке, 2005.-28 б.
6.Ұлы Отан соғысы және еңбек ветерандарымен кездесу // Орал өңірі.-1975.- 8 мамыр.

1985 жыл
7.Зұлқарнаев А. Әуе қыраны: [Оралдық К.Я. Малин туралы] // Орал өңірі.- 1985.-15 мамыр.

2010 жыл
8.Зеленовтық Кеңес одағының Батырлары: [Константин Малин туралы] //Ауыл тынысы.- 2010.-7 мамыр.-2 б.
9.Малин Константин: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия.- Алматы: Арыс, 2010.-381 б.
10.Малин Константин: өмірдерек // Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары.-Алматы: Өнер, 2010.-152-153 б.