Кулетова Әсима Жанұзаққызы 1971 жылы туған, М.Өтемісов атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, аталған оқу орнын «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша аяқтады. Білімі жоғары, мамандығы кітапханашы.
Әсима Жанұзаққызы еңбек жолын 1990 жылы 22 қазаннан Самал ауылдық кітапханасынан бастаған. Қазіргі таңда Бударин ауылдық кітапханасында қызмет етіп келеді. Өз мамандығын сүйеді және кітапхана ісін жақсы игерген. Кітапханасы ББК бойынша жинақталған, кітап көрмелері заман талабына сай жасақталып қойылған. Әсима 2007 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік кітапханашы» номинациясын жеңіп алып, аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2006 жылы ОКЖ нің «Үздік қызметі үшін» мақтау қағазымен марапатталды. Бударин ауылдық кітапханасы 2007 жылы өткен облыстық «Үздік ауылдық кітапхана» байқауының І ші орын иегері атанды.
2018 жылы Асима Жанұзаққызының жетекшілегімен Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясына орай ұйымдастырылған «Ұлттық әдебиеттегі шоқтығы биік тұлғалар» тақырыбындағы облыстық жас иллюстратор байқауына кітапхана оқырманы Берік Ақбота қатысып жүлделі ІІ орын иеленді. 2019 жылы Ораз Исаевтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған «Есімін жүрегімде Ораз атам» атты аудандық байқауда оқырман Болсынай Мырзағалиеваға жетекшілік етіп, ІІ орын иеленсе, аудандық «Jastar: kitap tandaimyz» атты фотобайқауға оқырмандары белсене атсалысып, сондай-ақ, Ақжайықтың ақ шағаласы, ақын Ақұштап Бақтыгереваның 75 жылдық мерейтойына орай жарияланған «Ғаламат жыр тудырар ақын бейне» атты Республикалық әдеби жыр байқауына қатысты.
Мінезі ашық, қоғамдық – көпшілік жұмыстарға белсене араласады. Мәдени- көпшілік шараларды жоспарлы түрде ауыл жастарымен, мектеппен бірігіп өткізіп отырады.
2019 жылы «Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-сі аудан күніне орай кітапхана ісін дамытудағы белсенділігі, аудан мәдениетінің руханиятына қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімінің алғыс хатымен,
Ата – Заңы – Коституция мерекесіне орай «Алғыс хат» , сонымен қатар осы жылы ауданның мәдени-қоғамдық, саяси өміріне қосқан үлесі үшін аудан әкімінің «Жыл үздігі -2019» , аудандық кітапханашылар арасында «Үздік кітапханашы» аталымын иеленді.