Кульжемиева Канипа Тюлюгалиевна 1965 жылы 4 ақпанда Орынбор облысы, Первомай ауданы, «Уральский» совхозында (РФ) дүниеге келген. 1992 жылы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы педагогикалық мәдениет институтын бітірген.

Еңбек өтілі – 40 жыл, саладағы еңбек өтілі – 36 жыл. 1988 жылдан облыстық балалар кітапханасында толықтыру ісі бойынша біріккен кітапханада әдіскер болып жұмыс жасады. 1997 жылы каталогтарды ұйымдастыру мен кітап қорын қалыптастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды және күні бүгінде осы бөлімнің басшысы лауазымын атқарып келеді. Бөлімнің басшысы ретінде жоғары дәрежелі маман екендігін, каталогтарды ұйымдастыруда білімінің тереңдігін, таңдаған мамандығына адалдығын көрсете білді.

Кітапхана қабырғасында және кітапханадан тыс мекемелерде кітапхананың біртұтас кітапханалық қорын құруды және толықтыруды   жетілдіруді жүзеге асырудағы, қордың бір бөлімнен екінші бөлімге ауысуы мен сақталудағы дәстүрлі және электронды каталогтарды енгізу мен ұйымдастырудағы, баспалармен жұмыс жасауда, мерзімдік басылымдарға сұраныс беру мен қалыптастырудағы жұмыстарды зор жауапкершілікпен атқарады. Республикалық, облыстық, қалалық мерзімді басылымдар беттерінде  кітапхана, кітап оқу туралы мақалалары жарияланып тұрады.

Кітап саудасы ұйымдары мен кітап дүкендерімен, Ресей мен Қазақстан баспаларымен тығыз байланыс орната білді, кітапхана қорын толықтырудағы бюджеттен тыс қаржы іздеудегі басшылығы, соңғы жылдары кітапхана қорын интернет – ресурстар арқылы толықтырып және тестылық келісім шарт жасасты, Ресейлік «Лань», «ЛитРес» баспаларымен жұмыстануда. Endnote basic: базовые возможности онлайн-семинарларға қатынасып, өзіне қажетті мағлұматтарды алып отырады.

Кітапхананы пайдаланушылардың ақпараттық сұраныстарын тез әрі сапалы орындалуына үлкен мән беріп, үнемі сұраныстағы әдебиеттерді зерделеп отырады, электрондық каталог құру, құжаттарды жинақтау және жүйелеумен айналысады, жаңа кітапханалық ақпараттық технологияларды зерделеп, ендірді. Кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал жасап  2019 жылы автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық «WEB-RABIS» бағдарламасын орнатуға және  Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында қорды цифрландыру жұмысына өз үлесін қосып келеді. Облыстағы кітапханашыларға «WEB-RABIS» автоматтандырылған кітапханалық бағдарламасы және құжаттарды жинақтау мен каталогтарды ұйымдастыру бағытында кеңес беріп, әдістемелік көмек көрсетеді.

       Кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілеті үшін «Кітапхана ісінің ардагері»(2018), «Еңбек даңқы» (2021)  төсбелгілерімен марапатталды.  «Проблемы развития полиязычного образования в системе средней и высшей школы» аймақтық ғылыми-әдістемелік семинарға, «Кітапхана және оқудың ашық әлемі» облыстық семинарға (2016), «Новые сервисы и функционал библиотекаря электронной библиотечной системы» (2014), «Қазақстан Республикасының басылымдарын аналитикалық сипаттау» (2014), Thomson Reutes: «Платформа web ofknowledge: базалық мүмкіндік»(2013), республикалық семинарына, онлайн-семинарларға қатысып, сертификаттармен, ҚР Мәдениет және спорт министрі (2006), БҚО әкімі атынан  хаттармен марапатталған.