Мұқашев Руслан 1968 жылы 26 ақпанда Бөрлі ауданы, Қанай ауылында дүниеге келген. Жанұяда әкесі, анасы, апасы, өзі және екі інісі бар.
Өзінің туған жері Қанайда 8 сыныпты бітіріп, қалған 8-9 сыныптарды Бөрлі кентінен тәмамдайды. 1985 жылы мектеп бітірген соң, Орал қаласындағы ауылшаруашылық институтына конкурс негізінде оқуға түседі. Алайда бұл оқуын бітірмей 1989 жылдан бастап өлең жазуға кіріседі.
Орал қаласында Н. Корсунов, Т. Азовская, М. Святынин, А. Бектұрғанов, Т.Шабаренина, Н. Лимонова сияқты ақындармен таным болған. «Литературная среда» атты әдеби бірлестіктің мүшесі.
1990 жылда Қанай ауылына оралып, мал шаруашылық фермасында темір ұстасы болып, кейін күзетші болып қызмет атқарады.
2001 жылдан бастап қол еңбегімен айналысып келеді. Көз жанарының нашарлығына байланысты ІІІ топтағы мүгедек.
Әдебиеттер:
Мукашев Р. Стихи. – Аксай, 2002. – 92 с.
Мукашев Р. «Я считаю искусство быть действительно современным» // Бөрлі жаршысы. -2003. – 13 наурыз. – Б. 3.
*****
Мұқашев Руслан: өмірдерек // Бөрлі ауданы: энциклопедия. – Ақсай: «Бөрлі жаршысы» баспасы, 2006. – Б.73.