«Мағжан- дана азамат, ұлы ақын»
«Мағжан- дана азамат, ұлы ақын»
access_time19.04.2023
perm_identity
Posted by admin
folder_open
Жаңалықтар

2023 жылдың 19 сәуір күні қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі, алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мағжан- дана азамат, ұлы ақын» атты әдеби кеш өткізілді.
Мақсаты: Жыр пырағы – Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын жастарға жан- жақты меңгерту. Ақын шығармашылығына қызығушылықтарын ояту. Ақынның өлеңдерін өнеге ете отырып, жастарды ұлтжандылыққа, елін, жерін, отанын сүюге, құрметтеуге баулу.
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін XX ғасырдың басында – ақ биік деңгейге көтерді. Ақын егемен еліміздің ертеңгі қызметін атқарар лайықты тұлғасы жастар екенін, олардан үлкен үміт күтіп, аманат сенім артатындығын «Мен жастарға сенемін» өлеңінде аңғартады. Осы мақсатта жастарға ұйымдастырылған әдеби кешке Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Ж. Шайекенов, профессор филология ғылымдарының кандидаты, доцент З.Ж. Мүтиев және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- технологиялық университетінің оқытушылары қатысып, ақын М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең мағлұмат берді. Студенттер ақынның өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқып, «Мағжан – дана азамат, ұлы ақын» тақырыбында жасақталған кітап көрмесімен танысты.
Шара соңында кітапхана директорының орынбасары Ұ.К.Жиеналиева қатысушыларға алғыс білдіріп, студент жастарға алғыс хат табыстады.
Пікір үстеу