Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Мамандықтар әлемі сыр шертеді» жобасын қаламыздағы әр сала бойынша түрлі мекемелердегі кәсіби шебер мамандарды, сол салада еңбек еткен танымал тұлғаларын жобаға қатыстырып, бірлесе жүзеге асыруға шақырады.
Жобаның мақсаты: Қоғамдағы түрлі мамандық иелерін оқырмандарға таныстыру, олармен сыр – сұхбат өткізіп, болашақ жастарға үлгі – өнегелерін дәріптеу. Жастардың рухани дүниесінің, ой-өрісінің артуына, әлеуметтік дәрежесінің, саяси және құқықтық мәдениетінің жоғарлауына ат салысу және оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар оқырмандарды кітапханаға тарту, жаппай кітап оқуды насихаттау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.
Шараға қатысушылардың ізгі мұраты – өз кәсіптері мен мамандықтарының қыр-сырлары туралы ойларымен бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізіп, өмір жолындағы тағылымды әңгімелерін ортаға салу.
Жоба аясында майталман мамандарды кітапханаға шақырып, түрлі форматтағы іс-шаралар мен кездесу кештерін ұйымдастыру. Жобаға әр сала мамандарынан таңдалынған маманды шақырту үшін қатынас хат дайындайды. Әр мекеме жіберілген қатынас хаттағы ақпаратпен танысып, 1 (бір) апта ішінде қатысуға келісіміңізді анықтап, электрондық поштаға e-mail: bibliograf@zkolib.kz хабар беруіңіз сұралады.
Жобаның өткізілу мерзімі ағымдағы жылдың маусым айынан бастап, келесі жылдың маусым айына дейін өтеді. Шараны өткізу әр айдың соңғы аптасына жоспарланады. Дайындық кезеңінде әр сала мамандарына арналған көрме жасақталып ұйымдастырылады. 2023 жылдың маусым айының соңғы аптасында қорытындыланады.
Қатысушылар: қаламыздағы барлық жоғары және арнайы оқу орындары мен жалпы орта білім беру мектебінің жоғары сынып оқушылары.