Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Абонемент және тіркеу» секторы жастарды кітап оқуға тәрбиелеу, бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда. 14 пен 21 жас аралығындағы жастармен жұмыс жасудың бір бағыты- қоғамдастық немесе клуб құру. Спикерлер клубын құру жастардың қызығушылықтарына қарай біріктіруге және оларды өзін-өзі дамытуға, тұлғалық өсуге, кітаптарды оқуға баулуға көмектеседі.
14 пен 21 жас аралығындағы жастар ең осал және қорғансыз болып табылады.Бұл жас жеткіншектердің есейуге алғашқы қадамдарын жасайтын, болашақ мамандығын таңдауға, мақсатқа жетуге, интеллектуалды дамуға, коммуникативті дағдыларға қызығушылық танытатын жас. Көбінесе олардың өздері осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға тырысады, бірақ сонымен бірге олардың білімін толықтыру, бос уақытты ыңғайлы және пайдалы өткізу үшін пікірлес адамдар командасы қажет.
Сондықтан қазіргі уақытта негізі шарты 14 пен 21 жас аралығы болып табылатын «Меркурий» спикерлер клубын құру қажеттілігі туындап отыр.Бірінші отырыста айына 2 рет жиналып тұру туралы шешім қабылданды, жоспар жоқ, клуб мүшелері кімді спикер ретінде көргісі келетінін өздері шешеді.
- Мақсаты:
14 пен 21 жас аралығындағы жастарға спикерлер клубын құру, жастардың қызығушылықтарын оятып, және оларды өзін-өзі дамытуға, тұлғалық өсуге, кітаптарды оқуға баулу.
- Тапсырмалар:
- бос уақытты қолайлы өткізу алаңы
- жас ұрпақты кітап оқуға баулу
- әдеби- шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін ашу
- қызықты кездесулер ұйымдастыру
- облысымыздың табысты жастарымен таныстыру
- әлеуметтік эксперимент және тренинг өткізу.
- Клубтың даму кезеңдері:
- Клуб құру үшін сілтемесі бар хабарландыру жасау жоспарлануда, оған сәйкес мектеп, лицей және гимназия оқушылары сауалнамадан өтіп, Google docs жүйесінде аты-жөні мен ұялы телефон нөмірлерін көрсете отырып, кестені толтырады. Тіркелген оқушылар мен студенттер кездесуге шақырылады.
- Әлеуметтік желіде «Меркурий» жастар клубының табысты жұмыс істеуі үшін, инстаграмм желісінен mercury.talk парақшасы ашылды. Бұл парақшада қызықты хабарландыру, жарнамалар жарияланады. Ал, танымал спикерлердің сөздері оқушылардың, студенттердің интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады.
- Кітап оқуды ынталандыру мақсатында психология бойынша жаңа кітаптарды бірлесе оқуға, талқылауға шақырады.
- Қызықты кездесулер ұйымдастыру. Әлеуметтік эксперимент және тренинг өткізу.
- Клуб жастардың кітапханаға деген қызығушылықтарын оятып, кітапхана беделін арттырып, оқырмандар санын көбейтеді.
- Жоба географиясы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
- Мақсаттты топтар;
Оқушылар мен студенттер 14 пен 21 жас аралығы
- Жобадан күтілетін нәтиже:
- Оқырмандар санын арттыру.
- Жастардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру.