Могила Лариса Александрқызы 1963 жылы туған, ұлты орыс, білімі жоғары. «Педогогика-психология» мамандығы бойынша білім алған. Октябрь ауылдық кітапханасында 2011 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етіп келеді. Кітапханада қызмет еткен жылдары Л.А.Могила өзін білімді,сауатты да жауапты,өзіне де өзге талап қоя білетін шебер кәсіби білімді маман.
Лариса Александровна өлкетану жұмыстарымен белсене айналысады. 2017 жылы Октябрь ауылы және Октябрь ауылына қарасты ауыл туралы өлкетану материалдарын дайындады: Садовое селосы және балалар үйі. Бұл материалдары Мичурин ауылдық кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Туған жер-2017» іс-тәжірибелік бойынша конферецияда ұсынды. Мичурин округінің ауылдарында өткізілетін түрлі іс-шараларға белсенді қатысады. «Аналар орталығы», еңбек және тыл ардагерлері, интернационалист-жауынгерлермен кездесу, сондай-ақ қоғамдық-саяси жұмыстарға, көлемді мерекелік шараларға белсенділік танытып отырады.
Аналар және әйелдер кеңесінің мүшесі. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсеткені үшін Мичурин ауылдық округі әкімдігінің құрмет грамоталары бар. 2018 жылы 13 шілде Дариян ауылында өткен «Өскелең ұрпақты табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеудегі әйелдердің рөлі» фестивліне қатысты. Мичурин округі фестивальға қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Самара облысының балалар кітапханасы ұйымдастыруымен өткізіліп жүрген «Балаларға соғыс туралы оқимыз» атты халықаралық акцияға 2 жыл қатарынан қатысып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Лариса Александровна кітап қорын талапқа сай жүйелеп отырады. Ауыл тұрғындары арасында әдебиеттерді насихаттауда үнемі ізденіспен жұмыстанады. Оқырмандар арасында түрлі әдеби кештер, ертеңгіліктер мен ақпарат сағаттарын өткізеді. Тұрғындар арасында беделді, қызметіне аса жауапкершілікпен қарайды. Берілген тапсырмаларды ұқыпты және ыждағаттылықпен орындайды. Көпшілікпен тіл табыса алатын, ісіне тиянақты маман.
Лариса Александровна 2021 жылы көпжылдық кітапханадағы еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды.