Моисеева Елена Борисовна коворкинг орталығының кітапханашысы.
Елена Борисовна 26 мамыр күні 1972 жылы дүниеге келді. 1989 жылы №20 ОМ бітірді. 1989-1995 жж. аралығында Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының кітапханасында қызметін атқарды. Кітапханалық жұмыс өтілі 33 жыл. 1996 жылдың қаңтар айынан бастап №5 кітапхана – филиалында жұмысқа ауыстырылды. Институт қабырғасында жүріп, 1990-1992 ж. Орал қаласының мәдени – ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» факультетін аяқтады. 2004- 2007 жж. Орал ОКЖ жұмыс жасай жүріп М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ «Кітапханатану және библиографиятану» факультетінің сырттай бөлімін тәмәмдады. Жергілікті «Приуралье» газет беттерінде көптеген мақалалары жарық көрді.

2000-2022 жж. кітапхана жанындағы «Адам және заң» жасөспірімдерге арналған қызығушылық құқық клубының жұмысын жүргізіп, «Халықтар жостығы» тақырыбында кітапхана жұмысына жауапты болды. 2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Web-РАБИС бағдарламасы бойынша оқырмандарды тіркеу жұмыстарымен айналысуда. Жұмыс барысында көптеген шараларды ұйымдастырып, семинарларға қатысты. Кітапханада театралды, қолөнер бағыттарында балаларға арналған үйірмелерді ұйымдастырып, жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кітапханалық – библиографиялық жұмысты жүргізіп, кітапхананың жұмыс жоспарына ұсыныстар беріп, жаңа жобаларды іске асырып келеді. Көптеген диплом, алғыс хаттар иесі.