Мұханбеткалиева Назгүл Сұлтанқызы 1968 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Қайрат ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Жәнібек ауылдағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістеме бөлімінің басшысы. Жалпы жұмыс өтілі – 35 жыл, кітапхана саласында – 21 жыл.
1986-1988 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. 1990-1997 жылдары №9 бала-бақшаға тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс жасады. 2001 жылдан аудандық кітапханада әдістеме бөлімінде әдіскері болып ауысады. 2001-2004 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша аяқтады. 2002 жылы аудандық кітапхананың мерзімді басылымдар бөлімінде меңгеруші болып жұмыс жасады. 2004-2016 жылдары аудандық әдістеме бөлімінің басшысы қызметінде жұмыс жасап келеді. 2005 жылы Алматы қаласындағы КазМӨГЗИ жанындағы мамандар кәсібін жетілдіру курсында өндірістен білімін жетілдірді.
Назгүл Сұлтанқызы тәжірибесі мол білікті маман. Жұмысына ұқыпты әрі жауапты. Кітапхана ісінің әдістерін жан-жақты меңгерген.
Өмірлік тәжірибесі мол, жас мамандарға тәлім-тәрбие беретін тәжірибелі жетекші, өз мамандығын шексіз сүйетін жігерлі, үнемі шығармашылық ізденіс үстіндегі жан. Ұжым арасында беделді, үйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер. Назгүл Сұлтанқызы кітапхана саласындағы еңбегі үшін әр жылдары аудан, облыс әкімдерінің атынан және аудандық, облыстық кітапхана директорының директорларының алғыс хаттарымен марапатталған. 2012 жылы облыстық музейде «Музейлер-халық қазынасы» жобасына жаңашырлық танытып, белсене қатысқаны үшін ОКЖ-нің директоры М. Нариновадан атынан алғыс хатпен марапатталған. 2013 жылы Аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құрмет тақтасына» ілінді. 2016 жылы Ресей Федерациясы Самара қаласының облыстық балалар кітапханасы «1941- 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы туралы балалар әдебиетінің үздік шығармаларын» насихаттауда акцияға қатысып, Ресей Федерациясы Самара қаласындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Е.Канигинаның, 2017 жылы Ресей Федерациясы Воронеж қаласының облыстық балалар кітапханасының ұйымдастырған «Балалар кітапханасындағы V C.Я.Маршак поэзиясы куні» тақырыбындағы халықаралық акциясына қатысқаны үшін директоры А. Аристованың атынан дипломдарымен марапатталған.
2020 жылы «Қазақстандық Кітапханалық Одақ» Заңды тұлғалар Бірлестігі атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгімен наградталған.