Мулдашева Маншук Жолдығалиқызы 1970 жылы
8 желтоқсанда БҚО, Чапаев ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі – арнаулы орта. 1988 жылы Орал мәдени-ағарту училищесінің кітапхана ісі бөліміне оқуға түсіп, 1990 жылы оқу орнын бітіріп, кітапханашы мамандығын алып шықты, сол жылы жолдамамен Ақжайық ауданы, Шағатай ауылдық кітапханасына орналасты. 1990 жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін Шағатай ауылдық кітапханасында кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарады. Сол жылдан бастап кітапхана саласында аянбай еңбек етуде. Жалпы еңбек өтілі 32 жыл.
Облыстық, аудандық кітапхана семинарларына, байқауларына қатысып, еңбегінің жемісін көрсете білді. 2000 жылы «Мамандығым мақтанышым» атты облыстық кітапхана қызметкерлері арасында өткен сайыста өз білімі мен кәсіби маман иесі екенін көрсетіп жүлдегер атанды. 2005-2011 жылдары Теректі ауданы ОКЖ басшылары атынан алғыс хаттармен марапатталды. 2013 жылы БҚО, Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Ж.Молдағалиев атындағы БҚО ғылыми-әмбебап кітапханасы, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының директоры атынан Алғыс хаттарымен, облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарының кітапханасы ұйымдастырған «Кітапхана – тең мүмкіндікке қадам» облыстық байқауында «Ең үздік әлеуметтік мәдени шара» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленгені үшін марапатталды. Теректі аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы К.Отегалиевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2013 жылы Теректі ауданының әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Жалпы еңбек өтілі 32 жыл.
Оқырмандардың жеңістері де аз емес, 2014 -2019 жылдар аралығында кітапхана оқырмандары Халықаралық, Республикалық,Облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегерлері атанды. Маншүк Жолдығалиқызы Шағатай ауылының 90 жылдық мерей тойына орай өткізілген шарада белсенділік танытып, жақсы өтуіне өз үлесін қосты. 2019 жылы 6 шілде күні Қазақстан Республикасы Өнер, білім, ғылым орталығының «Үздік қызметкер» төс белгісімен марапатталды. 2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі, Батыс Қазақстан облыстық филиалының Төрағасы А.Батырхановтың Алғыс хатымен марапатталды.
Маншук Жолдығалиқызы өз ісін жетік білетін маман. Кітапхана саласында көп жылдар еңбек етіп қана қоймай, ауыл өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. «AMANAT» партиясының мүшесі. Қайырымдылық шаралармен айналысып, аз қамтылған отбасына, мүгедек жандарға көмек қолын созады. Маншук Жолдығалиқызы жұмыс барысында кітапханашыларға әрдайым түрлі кеңестер беріп, жас кітапханашылармен тәжірибесімен бөлісіп отырады. Бүгінгі таңда өз мамандығының қыр-сырын жетік меңгерген, мол тәжірибе жинақтаған кітапханашы қатарында. Өз жұмысында еңбекқор, көпшілікпен тіл табысып, қарым-қатынас жасай білетін адам, өз әріптестері арасында да беделді. Үйренуден де, үйретуден де еш жалықпайтын өз ісінің нағыз маманы.