Мусаева Айгүл Турсынбекқызы 1974 жылы туылған. Білімі – арнаулы жоғары. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» факультетін оқып бітірген. Кітапханалық жұмыс өтілі – 17 жыл, жоғары санатты. Отбасылы, 3-ұлдың анасы.
Айгүл Тұрсынбекқызы Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. 2006 жылы әдістеме-библиографиялық бөлім меңгерушісі қызметіне тағайындалған Айгул Турсынбекқызы өз жұмысын жетік меңгерген, әрқашан іздене білетін, қабілеті зор маман ретінде танылды. 2013 жылдан бастап ОКЖ-нің әдістеме жұмысы бойынша директор орынбасары қызметін атқарып келеді. Білімді, тәжірибесі мол, жұмыста тиянақты, еңбекқор, ұйымдастыру қабілеті зор маман ретінде танылып, еңбек жолында өзінің іскерлігімен, парасат-пайымымен ұжымдастарына рух беріп, жігерлендіріп, алға, үлкен істерге, білімді біліктілікке бастай білді. ОКЖ-нің аудандық, облыстық деңгейдегі түрлі байқаулар, көпшілік шараларда кітапхана қызметкерлерінің кеңінен танылуына, жүлделі орындарға ие болуына ықпал етеді. Бөрлі ОКЖ базасында өткен облыстық, аудандық семинарлардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысып, облыстық деңгейдегі ұйымдастырылған әдістемелік құралдар құрастыру байқауларында жүлделі орындарға ие болып, марапатталған. Елдігіміздің басты нышаны өнеріміз бен мәдениетімізді өркендету жолындағы еңбегі үшін бірнеше облыстық, аудандық деңгейдегі алғыс хаттармен марапатталды. Іскерлік қабілетімен, ұйымдастыру жолындағы ұтқырлығымен, басқару ісінде біліктілігімен дараланған Айгүл Тұрсынбекқызы ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай 2016 жылы БҚО әкімінің Құрмет грамотасымен, 2019 жылы «Қазақ мәдениетінің қайраткері» төсбелгі төсбелгісімен, 2020 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы «Еңбек даңқы» төсбелгімен, 2021 жылы Қазақстандық Кітапханалық Одақ «Қазақстанның құрметті кітапханашысы” төсбелгісімен марапатталған. Кітапхана саласына қатысты бірнеше әдістемелік кітаптардың авторы. «Туған өлке – тұнған шежіре» облыстық байқауына орай құрастырылған «Бөрлі ауданының энциклопедиясы» / 2006 жыл, Ақсай қаласы, 194б//, «Облыс кітапханаларының шежіресі» облыстық байқауы аясында құрастырылған «Бөрлі ауданы кітапханаларының тарихи шежіресі» /- 2008 жыл, Ақсай қаласы, 120б//, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай құрастырылған «Жеңісті жақындатқандар» /- 2020 жыл, Ақсай қаласы, 175б//, Бөрлі ауданының 85 жылдығына орай – «Бөрлі ауданы энциклопедиясы» энциклопедиялық жинақ /-2020 жыл, Ақсай қаласы, 210б//, ҚР Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздікке 30 жыл: мәңгілік мәдениет ошағы – кітапхана» ақпараттық жинақ /-2021 жыл, Ақсай қаласы, 165б// кітаптарының құрастырушы-авторы. Бірнеше кітапханалық үздік жобаларды жүзеге асырып, іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа да аудандардың іс-тәжірибесіне енгізілді. Ақсай қаласынан жаңадан ашылған кітапханалардың заманауи озық үлгідегі форматын жасай отырып, оқырмандарға кітапханалық қызметтің жаңа үлгісін жасаған іскер маман. Өз мамандығын құрмет тұтатын Айгүл Тұрсынбекқызы өнегелі өмірімен, өз ісінің майталманы ретінде бүгінгі және болашақ кітапханашылар үшін үлгі.
Мусаева Айгүл Турсынбекқызы
просмотров: 88