Мусина Елена Валентиновна 1969 жылы 12 маусымда  Орал облысы Камен ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Камен орта мектебін бітірді. 1987-1989 жылдары Орал мәдени-ағарту училищесінде оқып, кітапханашы –библиограф мамандығын үздік бітірген.

2000-2003 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқып,  кітапханашы –библиограф мамандығын игерді.

1989-1990 аудандық білім бөлімінде кітапханашы, 1990-2011 жылдары аудандық кітапханада кітапханашы, 2011 жылдан бастап Тасқала аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқаруда.

Кітапхана саласындағы атқарған қызметі үшін БҚО мәдениет басқармасының, Ж.Молдағалиев БҚО әмбебап ғылыми кітапханасының, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының, аудан  әкімінің  алғыс хаттарымен марапатталған. 2019 жылы «КІТАПХАНА ІСІНІҢ ҮЗДІГІ» төсбелгісімен марапатталды.