1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы “Балдырғаннан” бастаған. “Жұлдыз” журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жж. “Жазушы” баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
Тұңғыш туындысы 1954 жылы “Пионер” журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары: “Көктем” (1959), “Данышпан” (1961), “Сабақ”, “Ой орманы” (1965), “Дала дидары” (1966), “Бұлбұл бағы” (1967), “Ақ отау” (1968), “Күміс қоңырау”, (1970), “Домбыра” (екі кітап, 1971 және 1974), “Кеш” (1973), “Жерұйық” (1976), “Қорамсақ”, “Көкпар”, “Қызыл кітап”, “Алақан” (1981), “Саз сиқыры” (1982), “Күндер-ай” (1984), сондай-ақ тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының бес томдығы, ал 2001 жылы “Қазығұрт” баспасынан 15 томдығы шыққан. Бірнеше пьесасы сахнада қойылған.
Өлеңдері көптеген шетел тілдерін аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.
1966 жылы “Ой орманы” жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы “Жерұйық” жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұраны жаңа мәтіні авторларының бірі. 2001 жылы Тәуелсіз “Тарлан” сыйлығын алды.

Әдебиеттер:

Мырза Әли Қ. Ақ отау: өлеңдер. – Алматы, 1968. – 176 б.
Мырза Әли Қ. Күміс қоңырау: өлеңдер, мысалдар, жұмбақтар. – Алматы, 1970. – 376 6.
Мырза Әли Қ. Көш: өлеңдер. – Алматы, 1973. – 318 6.
Мырза Әли Қ. Жерұйық: жыр кітабы. – Алматы, 1976. – 184 6 .
Мырза Әли Қ. Алақан немесе Орта Азия отаулары. Қонақкәде кітабы. – Алматы, 1977. -160 б.
Мырза Әли Қ. Домбыра: өлеңдер. – Алматы, 1979. – 351 б.
Мырза Әли Қ. Қорамсақ: өлеңдер. – Алматы,1980. – 192 б.
Мырза Әли Қ. Көкпар: өлеңдер. – Алматы, 1981. – 176 б.
Мырза Әли Қ. Күндер-ай: ән өлеңдерінің жинағы. – Алматы, 1984. – 160 б.
Мырза Әли Қ. Үш томдық шығармалар жинағы: өлеңдер мен поэма. – Алматы,1989.
Мырза Әли Қ. Қылыш пен қанжар: өлеңдер кітабы. – Алматы, 1991. – 288 б.
Мырза Әли Қ. Мәңгі майдан: өлеңдер. – Алматы, 1992. – 384 б.
Мырза Әли Қ., Баянбай Қ. Өлеңдер, ертектер, мысалдар, мазақтамалар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы, 1993. – 496 б.
Мырза Әли Қ. Биік баспалдақ: өлеңдер. – Алматы, 1993. – 106 б.
Мырза Әли Қ. Ғибратнәмә: Әлқиссалар. – Алматы, 1993. – 92 б.
Мырза Әли Қ. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1995. – Т1. – 432 б.
Мырза Әли Қ. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1995. – Т.2. – 400 б.
Мырза Әли Қ. Үкілі үзінділер: тартымды тармақтар мен шырайлы шумақтар. -Алматы, 1996. – 144 б.
Мырза Әли Қ. Алаштың арманы: жыр жинағы. – Алматы, 2001. – 256 б.
Мырза Әли Қ. Ғибратнәмә. – Алматы, 2001. – 496 б.
Мырза Әли Қ. Жазмыш: ақындар және ақындық қасиет туралы дара көзқарас. – Алматы, 2001. – 464 б.
Мырза Әли Қ. Таңдамалы шығармаларының көп томдығы: 12 т. – Алматы, 2002. – Т.1.
Мырза Әли Қ. Алтын омырау: өлеңдер. – Алматы, 2003. – 160 б.
Мырза Әли Қ. Иірім: XX ғ. өмір сүрген қазақ ақын жазушылар туралы. – Алматы, 2004. -360 б.
Мырза Әли Қ. Шырғалаң: жаңа өлеңдер кітабы. – Алматы, 2004. – 336 б.
Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2005. – Т.1. – 424 б.
Мырза Әли Қ. Таңдамалы. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 2005. – Т.2. – 432 б.
Мырза Әли Қ. Таңдамалы жинақтар. Екі томдық жинақ: өлеңдер. – Алматы, 2006.
Мырза Әли Қ. Егіз жолдар: нақылмана. – Алматы, 2008. – 320 б.
Мырза Әли Қ. Ой-өріс: өлеңдер, нақыл сөздер. – Орал, 2009. – 320 б.
Мырза Әли Қ. Көкпар: таңдамалы өлеңдер. – Алматы: RS: Халықаралық Абай клубы, 2014. – 332 б. – Халықаралық Абай клубы; Ақ Жайық кітапханасы; “Amanat” журналының кітапханасы; Поэзия І – ХХІ ғғ.

*****

Мырза Әли Қадыр: өмірдерек // Батыс Қазақстан облысы: энциклопедия. – Алматы, 2002. –Б. 406.
Мырза Әли Қадыр: өмірдерек // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: С.Қамшегер, Қ.Жұмашева. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. – Б. 286.