Мырзагалиева Алтынай Ғилымбекқызы 1971 жылы 13-ші желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Красногор орта мектебін бітірді.
1989-1991 жылдары аралығында Орал мәдени – ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірді.
1991жылы Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөліміне кітапханашы қызметіне кірісті.1992 жылы Қызылоба ауылдық балалар кітапханасына кітапханашы болып жіберілді. 1999-2002 жылдары аралығында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Кітапханатану және библиография» мамандығы бойынша оқуын бітірді. 2018 жылы Астанада өткен «Балалар әлемі: Кітаптан өмірлік мұратқа» тақырыбындағы халықаралық форумға қатысып, сертификатқа ие болды.

2003-2021 жылдар аралығында Ұлттық академиялық кітапхана басшысы, БҚО мәдениет басқармасы, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, Ресей Федерациясының кітапхана басшысы, аудандық кітапхана басшысы, аудан және ауыл әкімдігінің марапаттау қағазына, зерттеу жұмыстарына диплом, алғыс хат, сертификат, мадақтамаларына ие болып, күні бүгінге дейін Қызылоба модельді балалар кітапханасында отыз жылға жуық қызмет атқарып келеді.

2021жылы Тәуелсіздігіміздің отыз жылдық мерей тойы қарсаңында Қазақстандық кітапханалық одақтың бұйрығымен «Қазақстанның құрметті кітапханашы» төс белгісімен марапатталды.