Нұралиева Мәншүк Қадерқызы 1954 жылы Орда ауылында дүниеге келген. Туған жеріндегі М. Горький атындағы мектепті бітіріп, сол жерде аға вожатий болып жұмыс жасайды.
1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөліміне оқуға түсіп, жанұя жағдайына байланысты бітіре алмайды.
1973 – 1974 жылдар аралығында «Орда жұлдызы» газетінде корректор болып қызмет атқарады.
1974 – 1979 жылдары Орал педагогикалық институтының филология факультетінде оқыған.
Алғашқы ұстаздық еңбек жолын Ұзынкөл орта мектебінен бастап, 1980 – 84 жылдар аралығында Абай атындағы мектеп интернатта жұмыс жасаған. 1987 жылдан қазіргі кезге дейін еңбек жолы Т.Жароков атындағы орта мектепте жалғасып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады.
Жасынан ақын – жазушылардың шығармаларын құмарта оқып, 7 кластан бастап өлең жаза бастаған ұстаз – ананың жүрегінен шыққан «Думаның бүгін қазақ дүрілдесін», «Т.Жароковтың ұлымен кездесу», «Мұқағали жырларына табынам», «Алшаң басып келеді жаңа ғасыр» т.б. жыр жолдары бүгінде өз оқырманын тапса керек.
Жоғары санатты ұстаз еңбегі бағаланып аудандық, облыстық білім бөлімдерінің құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталған. Бүгінде зейнеткерлік демалыста.
Әдебиеттер:
Нұралиева М. Ақын рухына арнау: өлеңдер: ақын Ғ. Қараштың – 125 жылдығына // Шұғыла. – 2000. – 30 қыркүйек. – Б. 3.
Нуралиева М. Біздің Айдарбек: Т. Жароков атындағы қазақ орта мектебінде директорлық қызмет атқарған А. Айтбөкешев туралы // Орал өңірі. – 2007. – 6 ақпан. – Б. 4.
Нуралиева М. Достықтың жалынды жыршысы: ақын Тайыр Жароков – 100 жыл // Шұғыла. – 2008. – 26 қыркүйек. – Б. 2.